Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марат Омаров: Бірінші әйелім анамның шымкентше тәрбиесіне шыдамады

Талай хиттың авторы сазгер Марат Омаров бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын алғаш рет ашып айтты. stan.kz сайтының тілшісіне сұхбат берген өнер иесі 40 жыл жасырған құпиясын көпшілікке жайып салуға бел буыпты.

зар1

Сурет: Омаровтардың жеке мұрағатынан.

Өнер иесі осыған дейін талай адамның осы мәселені сұрап, мазасын қашырғанын да жасырмайды.

«Маған бұл сұрақты қойған журналистер жетерлік. Десе де, мен бірінші әйелім жайлы әңгіме басталса сұхбатты тоқтатып, жауап беруден бас тартатынмын. Бірақ айтатын кез келген сияқты. Оның есімі Шаттық. Екеуміздің бақытымыз тек 8 жылға ғана созылды. Қалай айтсам да бұл тағдыр ғой»,-депбастады өз әңгімесін Марат Омаров.

зар6

Марат Омаров Перизат есімді жарымен

Белгілі сазгер алғашқы жарымен сүйіп қосылғанын есіне алды.

«Шаттық менің анамды сыйламады. Тілін таба алмады. Ал мен үшін ана деген бірінші кезектегі ару. Екеуі үнемі ұрысып жататын. Мен Шымкенттің жігіті болғандықтан мүмкін біздің салт-дәстүрді түсіне алмаған шығар. Жарайды, оған да көндім. Алматыға көшіп келдік. Бірақ , анам қонаққа келген сайын үйде міндетті түрде жанжал болатын. Енді айтыңызшы, анаңызды сыйламаған адаммен қалай өмір сүруге болады?»,-дейді әнші.

зар4

Зарина Омарова әкесінің анасымен

Өз махаббатынан Марат мырза осындай себептердің кесірінен бас тартуға мәжбүр болыпты. Ал Зарина, Азамат және Мадина есімді үш бүлдіршін Шаттық ханымның қолында қалады. Әрине, бұл жағдай үш бүлдіршінге де оңай тимеген. Балар ерте есейіп, үлкен өмірді өз қатарластарынан бұрын түсіне бастапты.

зар

Зарина екі бауырымен

«Әкем әрине анасын қорғайды. Әркімге ана деген қымбат қой. Айтса да, мен ата-анам айырылысқанда 3-сынып оқушысы едім. Бәрі есімде. Біз Шымкентте тұрған уақытта әжем анама себепсіз ауыр сөз айтатын. Күн сайын сынығы шыққанша сынайтын. Анам бәріне төзді. Араға уақыт салып, Алматыға көшіп кеттік.

зар2

Зарина Омарова күйеуімен

Әкем енді өнер адамы болғаннан кейін осы жаққа қоныс аударуға тура келді. Біршама уақыттан кейін әжем де артымыздан көшіп келіп алды. Міне, осыдан кейін ұрыс-керіс қайтадан басталды. Анам бәріне төзе білетін.

зар8

Зарина Омарова екі бауырымен

Бірақ, енді шыдамның да шегі бар ғой. Әкем жылдап гастрольде жүреді. Енесі үйде отырып келіннің тәрбиесімен айналысты. Кейде орынды,кейде орынсыз тиісулер басталды.  Соңында әкем анасын қорғап сөйледі. Міне, соңындаерлі-зайыптылар  ажырасты»,-дейді Марат Омаровтың тұңғышы Зарина Омарова.

Оқушы кезінен отбасындағы жайсыздыққа алаңдап өскен Зарина ол күндерді тіпті есіне алғысы келмейтінін айтады.

зар3

Зарина Омарованың анасы.

«Шыны керек, сол уақытты еске алса көзіме жас келеді. Ата-анам ажырсақанда күйзелістен ауырып қалғаным да бар. Бірақ, енді не шара. Өтті, кетті. Бүгінде әкемнің екінші отбасымен араласып тұрамын. Жақында бәріміз қосылып, «Ару Астана» деген әнге бейнебаян түсрмекшіміз»,-дейді әнші.

зар5

Марат Омаров қазіргі отбасымен

Иә, Марат мырза араға бірнеше жыл салып қайтадан отбасын құрған. Бүгінгі таңда Перизат есімді жарынан бір қызы бар.

зар7

Марат Омаров кенже қызымен

Бибімариям Омарова да әке жолын қуған әнші болуды армандап жүр.

Оқи отырыңыз:

Талғат Жорабаев: Сәбит әпкемді жиі жылатып, қорлап жіберді

Ерлан Орынбасаров: Баянның қиналғанын көріп, оны қалдырып кетуге қорықтым

Серік Ибрагимов перзентханадан шыққан сүйіктісін тосынсыймен күтіп алды (фото, видео)

Нұрлан Қоянбаев қазақ тілі туралы сәтсіз әзіл айтқан Мұсағалиевті қорғады

Мөлдір Әуелбекова: Ұлымды 2 жасына дейін омырау сүтімен өсіремін

Талқылау