"Маңызды шешім қабылдадым": Головкин өз бапкерінен кететінін мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы боксшы Instagram желісінде жазды.
«Мен өзім үшін, мансабым үшін маңызды шешім қабылдадым... Мен жаттығуды Абель Санчеспен жалғастырмаймын. Бұл мен үшін оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол – тамаша және адал бапкер... Жаңа бапкердің кім екенін кейін айтамын. Әзірге Абельге бокстан берген сабағы үшін алғыс білдіремін», - деп жазды Головкин.
Головкин мен Санчестің серіктестігі 2010 жылы басталған.
Айта кетсек, Головкин 8 маусымда рингке қайтып келеді. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды
