Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаулық жігіт өзінен теріс айналған сүйіктісі мен оның інісін атып тастады

Маңғыстау облысында жас жігіт сүйген қызының үйіне барып, інісі екеуін травматикалық тапаншамен атып тастады. Соңынан өзі атылып өлген, деп хабарлайды КТК арнасы.

мангыстаулык жігіт

Күзетші болып істеген Мұнайлы ауданы тұрғынының мұндай қадамға баруына ғашығының одан теріс айналуы себеп болған. Яғни бір жыл бойы көңіл қосқан екі жас, үш ай бұрын бойжеткеннің қалауымен айырылысады. Алайда оны ауыр қабылдаған азамат кек алуды көздеп, бұрынғы қызын үйіне іздеп келген. Сөйтіп, ай-шайға қарамастан інісі екеуіне 15 рет оқ атыпты. Қазір екеуі ауруханада жатыр. Ал, соңғы оқты өзінің басына атқан кекшіл жігіт емдеу мекемесінде есін жимастан көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі 20 жастағы жігітті қағып өлтірді

Әскери қызметкердің ұлдары тапаншамен ойнап жүріп, абайсызда бірі екіншісін атып алды

Өскеменде төртінші қабаттан құлаған 2 жасар бала аман қалды

Астанада өзенге құлаған екі адамды құтқармақ болған куәгер де суға батып кетті

Талқылау