Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда мектеп директоры латын әліпбиін баспалдақтарға желімдеп қойған

Маңғыстау облысы Шетпе қаласындағы мектеп-гимназия директоры латын әліпбиін үйретудің оңтайлы әдісін ойлап тапты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өткен демалыс күндері мектеп директоры Гүларша Нұрмағамбетова латын әліппесі әріптерін баспалдақтарға желімдеп қойған.

«Оқушылар бұл өзгерістерді бірден байқап, таңқалыстарын жасыра алмады. Мұғалімдер мен шәкірттер идея авторына алғыстарын айтып жатыр»,- дейді гимназиядағылар.

Маңғыстау облысы латын әліпбиіне көшуді әлдеқашан бастап кетті. Өткен жылдың күзінде-ақ қала әкімдігі мен мәслихаты ғимаратындағы жазбаларда апострофты қолданғандары байқалған.

Айта кетейік, қазақ тілінің жаңа әліпбиі 2017 жылы қазан айының соңында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен қабылданған болатын. Латын әліпбиіне толығымен өту 2025 жылдың соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық әйел екі бірдей мүгедек баласын емдетуге ақша таппай отыр

Маңғыстау облысында ауыл әкімі ер адамды аяусыз ұрған (видео)

Қазақстандықтар жол жүру ережеcін бұзғаны үшін айыппұлды биткоинмен төлей алады

Жақындары Мұхтар Зимановты мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Талқылау