Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда балабақша тәрбиешісі мен бастығы балалардың көзінше жаға жыртысты (видео)

Маңғыстаудағы “Айналайын” балабақшасында түсірілген видео әлеуметтік желіде тез таралып, көрген адамды бей-жай қалдырмады. Балабақша тәрбиешісі мен директорының жұдырықтасуы салдарынан тәрбиеші бас жарақатын алып, бастығына ұрып-соғу бойынша айып тақты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.

маңғыстауда тәрбиеші бастығымен төбелесті

Жәбірленуші Асыл Өтепова директорға соңғы 10 күнде балаларға берілетін ас мөлшері тым аз екенін, ет мүлдем қосылмайтынын, балалардың тоймай қалатынын айтқан. Бастығы болса, айқайға басып, жұлқылап, сосын шыны ыдыспен басына соғып жіберген. Зардап
шегуші осы оқиғадан кейін жедел жәрдем келіп, жыртылған бас терісін тіккенін айтты. Өз кезегінде балабақша директоры да денесіндегі жарақаттарды көрсетіп әлек. Ұрыстың басты себебі нашар ас мәзірі емес, тәрбиешінің балаларға жасаған қорлығы болды дейді директор. Мұндай келеңсіз оқиғаның кездейсоқ куәгері болған балабақшадатәрбиеленушінің
анасы Ләззат Нұрмағамбетова: “балабақшаға кірген кезімде бір бала айқайлап, жылап жатыр екен. Баламды киіндіріп алып, шығып бара жатқанда дауыс шыққан жерге кірсем, тәрбиешінің баланың аузына аяқ киімді бұрғылап тығып жатқанын көрем”,-деп куәлік етті.

“Әрине менің ұрысқаным рас. “Егер жүйкелеріңіз тозса, бұл жұмыс ұнамаса, алты айдан бері істеп шаршасаңыздар, онда басқа жеңіл жұмыс қарастырыңыздар”,-дедім. Сосын біз қыздармен осы апта жұмысты толық өтеп, келесі дүйсенбіден бастап жаңа жұмысшылар алуға келістік”,-деп айтты бала бақша директоры Гүлжанат Мұратбай.

маңғыстауда тәрбиеші бастығымен төбелесті

“Бұл жағдай маған жағымсыз әсер етті. Қан жоса болып арлы-берлі жүгіріп жүргендері кішкентай балалардың психикасына кері әсерін береді ғой. Барлығы айқай шу болған жерде жүр, ал балалар қараусыз қалды. Суреттен бала бақшада берілетін асты көргенде жүрегім
ауырды. Менің қарным тоқ болғанмен, баламның асқа жарымай жүргені жаныма батты”,- дейді балабақша тәрбиеленушінің анасы Жаннат Назырымбекова.

Болған оқиғаның ақ-қарасын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Айта кетерлігі бұл балабақшада мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.

Полиция бөлімшесіне зардап шегуші де, директор да арыз түсірді. Ал балаларға жәбір көрсетті деген күдікке ілінген тәрбиешіні жұмыстан шығарды. Тергеу кезінде балабақша өз жұмысын тоқтатады. Ұрысқа себепші болған кінәліні алдағы апталардың бірінде белгілі болады деп мәлімдеді.

Публикация от @bobegim.kaz

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау