Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда бір сарбаз әскерден қашып кетті

Маңғыстау облысындағы әскери бөлімшеден мерзімді қызмет сарбазы қашып кетті.

1538828

Кезекші 23 маусым күні жатардың алдында тексеру кезінде сарбаздың жоқ екенін байқап, дабыл қаққан, деп хабарлады “Лада” басылымына №25744 бөлімшеден.

Әскери қызметшінің 1998 жылы туып, Оралда тұрғаны белгілі. Әскери бөлімшеде қашқынның қарусыз екенін алға тартады. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

№25744 әскери бөлімшесі Құрық кентіне қарай жолда 23 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерде ҚР қорғаныс министрлігі әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскері орналасқан. Мұндай жағдай өңірде 2012 жылғы қаңтарда болған. Ол кезде №25744 әскери бөлімшесінен екі қаруланған сарбаз қашып кеткен. Олар келесі күні дәмханалардың бірінен табылған.

Тағы да оқыңыз:

“Нұрсұлтансалған”: Ақтөбелік жас ақын Астанаға бірнеше ерекше атау ұсынды

Головкин: Спорттан кетуім жайлы менің әйелімнен сұраңыздар

Айт күні қандай амалдар істеу сүннет?

Америкалықтар Димаштың «Сәлем» әніне фан-клип түсірді (видео)

Талқылау