Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімі джип мінген байлардан бензинге көшуді талап етті

Маңғыстау облысының әкімі қымбат джип иелерін сұйық газдан бас тартуға шақырды. Өңірдегі көгілдір отын тапшылығын жоюдың басқа жолын таппаса керек, алдымен бай-бағландар темір тұлпарларын бензинге көшіруі керек дейді Алик Айдарбаев. Бұл туралы КТК телеарнасы хабардар етті.

мммммммммм

Сурет news.caravan.kz

“Қазір ірі бизнесмендердің өзі жол талғамайтын көліктерін газға көшіріп алып, 5-6 сағат кезекте тұрады. Қайтадан бензинге ауыстырыңыздар!” – деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Маңғыстау облысында сұйытылған газ 2 айдан бері тапшы. Көлікке арналған көгілдір отын кейбір бекеттерде мүлдем жоқ. Барлары тек талонмен береді немесе жүргізушілердің ұзын-сонар кезек күтуіне тура келеді. Қазір өңірдегі 178 мың автокөліктің 115-мыңы сұйытылған газбен жүреді. Өйткені оның литрі небәрі – 27 теңге. Ал темір тұлппарларды көгілдір отынмен қамту үшін Жаңаөзендегі зауыт айына 16 мың тонна газ өндіруі керек екен.

Алайда кәсіпорынның ондай қауқары жоқ. Әрі зауыт жылына 7 миллиард шығын көріп отыр. Ондағылар бекеттерге газдың литрін 6 теңгеден береді екен. Бұл өзге өңірлердегі газ шығаратын зауыттардағы бағадан әлдеқайда төмен. Газ тапшылығын түбегейлі жою үшін облысқа жетпей жатқан көгілдір отынды Атырау мен Ақтөбеден алдырып, жергілікті өнімнің бағасын солармен теңестіру керек. Бұл мәселе таяу арада шешілмейтіндіктен облыс әкімі Алик Айдарбаевтың джип қожайындарына көлігіне бензин құйдыруды ұсынудан басқа амалы жоқ. Мұны естіген көлік иелері ыршып түсті.

“Негізі әкімдікі дұрыс емес, бензинге көшсін деген. Жақсы көшейік бензинге, онда бензиннің бағасын 92-ні баяғыдай 98 теңге етіп қойса, көшуге болады. 125 теңгеге тиімсіз. Мысал үшін: 3000 теңгеге бензин құямын. Ол шамамен жарты күнге жетеді. Ал мен газ құйсам, ол маған 1 аптаға жетеді”, – деді Ақтау қаласының тұрғыны Ержан Қартбаев.

Талқылау