Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында 4 жігітке оқ атып, қашып кеткен ер адам ұсталды

Маңғыстау облыстық полициясы 4 жігітке қарудан оқ атып, жарақаттаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысында 4 жігітке оқ атып, қашып кеткен ер адам ұсталды

Күдікті 7 қыркүйек күні тұтқындалды.

«Аталған факті бастапқыда Маңғыстау облысы Қарақия АІІБ сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестрінде ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Артынша іс ҚР ҚК 24-бабы 3-тармағы, 99-бабы 2-тармағы 1,6,9-бөлімдеріне (Екі немесе одан көп адамды бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) өзгертілді.

Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қыркүйекте Маңғыстауда үш адам оқ жарақатымен ауруханаға түскен еді. Зардап шеккендер облыстық ауруханаға Құрық ауылынан жеткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау