Маңғыстау облысында 19 жастағы бойжеткен өгей әкесін өлтірді
Мұнайлы ауданында анасын қорғамақ болған 19 жастағы бойжеткен өгей әкесін соққыға жыққан.

Бұл туралы Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Лада хабарлады.
Мәліметке сүйенсек, қыздың өгей әкесі ішімдік ішіп келіп анасына қол жұмсайтын болған. Олар 15 және 19 жастағы екі баланы тәрбиелеп отырған отбасы. Таныстары ерлі-зайыптының үнемі жанжалдасып жататынан айтады.
Осындай ұрыс кезінде бойжеткен анасын қорғамақ болып қолына түскен затпен өгей әкесін ұрады. Соның салдарынан ер адам қаза болды. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"