Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау-Ақтөбе пойызында екі бүлдіршіннің үстіне төсек тақта құлап кетті

Маңғыстау-Ақтөбе бағытындағы пойыз вагонында екі кішкентай балаға жатуға арналған төсек тақта құлап кеткен. Салдарынан бүлдіршіндер түрлі жарақат алды.

Маңғыстау-Ақтөбе пойызында екі бүлдіршіннің үстіне төсек тақта құлап кетті

Бұл туралы «ИнАктау» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 2 қарашада орын алған. Купедегі жоғарғы төсек тақта екі балаға құлап кеткен.

Зардап шеккен балалардың анасының сөзінше, ол құлап кеткен ап-ауыр тақтаны өзі көтеруге шамасы келмепті. Көмекке келген 3 ер адам тақтаны көтеріп, астындағы балаларды шығарып алған.

«Жатуға арналған төсек тақтаның құлап кетуі салдарынан балалардың басы жарақаттанып, маңдайы жарылып, құлағы тілініп, басы көгеріп қалды. Екеуінің де миы шайқалған», – дейді анасы.

Маңғыстау-Ақтөбе пойызында екі бүлдіршіннің үстіне төсек тақта құлап кетті

Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дағылардың мәліметінше, төтенше жағдайдан кейін пойыз бригадасының қызметкерлері зардап шеккен балаларға бірден қажетті көмек көрсеткен. Сонымен қатар таяу жердегі станцияға жедел жәрдем шақырылыпты.

Анасының сөзінше, зардап шеккен балалар қазіргі уақытта тән жарақатын емес, психологиялық зақым алған. Бүгінде олар тиісті ем алып жүр екен. Оның ақысын «Жолаушылар тасыламылы» компаниясы келісім шартқа отырған сақтандыру компаниясы толықтай төлеп береді екен.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ кешірім сұрап, зардап шеккен балаларға тезірек сауығуын тілейді», – дейді компанияның ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Сонымен қатар ол жақын уақытта ТЖ орын алған пойыздың барлық вагонының қауіпсіздігі тексерілетінін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау