Маңғыстауда ұлының аяқ-қолын батареяға күйдіріп, тұншықтырып өлтірген әйел жазаланбайтын болды
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өткен жылы 14 қазанда өз пәтерінде тұрған әйел тоғыз жастағы баласын батареяға аяқ-қолынан байлап, соңынан тұншықтырған. Бала №7 орта мектептің үшінші сыныбында оқыды.
Сот-психиатриялық және стационарлық сот-психологиялық және психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, қылмыс жасау кезінде күдіктінің психикалық созылмалы ауру әсерінен басы қатты ауыып, күйзеліс жағдайында болған.
Сотталушы соттың шешімімен қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, себебі ол қылмысты ақыл-есі сау емес кезде жасаған. Айыпталушы республикалық мамандандырылған психиатриялық ауруханада қарқынды қадағалауымен психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Қаулы әлі күшіне енген жоқ", - деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті