Басты жаңалықтар
Маңғыстауда түзету мекемесінің төбесі құлап кетті: Екі сотталушы көз жұмды
Маңғыстау облысында арнайы түзету мекемесінің төбесі құлап, екі сотталушы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі қабатты ғимараттың жартысы құлаған. Оқиға болған сәтте мекеменің ішінде он адам болған.
"Алған жарақаттарының себебінен екі сотталушы көз жұмды, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда оқыс оқиға болған орында төтенше-құтқару бригадасы жұмыс істеуде. Олардың қатарында полиция, прокуратура қызметкерлері мен арнайы техника бар. Тағы бір сотталушыны іздестіру шаралары жүргізілуде.
Бұған қоса, жарақат алған сотталушылардың туыстарына арнап 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан), 8 776-677-80-77 нөмірлері іске қосылды.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. ІІМ істі өз бақылауына алған.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған