Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәңгі ыстық мекен Сауд Арабиясын қалың қар басып салды (видео)

Сауд Арабиясында бұл ел үшін тым сирек кездесетін табиғи құбылыс болып саналатын қар түсіп, аяз тұрды.

neve in arabia saudita

Елдің солтүстігі мен орталық өңірлерін қар басып қалған. Әсіресе, қыстың қытымыр мінезінен Шакра қаласы мен Табук қаласы зардап шеккен. Ал Табарджал қаласында ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендеген.

Иорданиямен шекаралас орналасқан Әл-Курят қаласындағы ауа-райы минус 1 градусты көрсетіп тұр. Сондай-ақ, королдіктің бірнеше ауданында жаңбыр жауады деп күтілуде. Негізі бұл елде жаңбыр қазан айының соңғы күндерінде-ақ тоқтап қалатын.

Королдің тосын құбылыс әсерінен болған қиыншылықты жою үшін арнайы техникаларды іске қосты.

Оқи отырыңыз:

Жұрт бағдаршамда жігіттің төгіп алған бір жәшік картобын теріп берді (видео)

Көлігіне жанармай құймақ болған әйел жалаңаш қолымен өрт тудырды (видео)

Жетімдер әнін шырқаған Нұрмұхаммед қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

Кентал жұбайына ән арнады (видео)

Талқылау