Мамандар Қазақстанда небәрі 30 теңгеге тұмаудан емделуге болатынын жариялады

Дүйсенбі, 8 Ақпан , 2016 12:02

Ел тұрғындары тұмаудан дұрыс емделмейді әрі суықтан арылуы үшін әдеттегіден бірнеше есе көп ақша жұмсайды. Мұндай ақпаратты Республикалық дәрілік ақпараттық-сараптамалық орталық мамандары жариялады.

Lechenie-prostudy-v-domashnih-uslovijah

Сурет Likar.info сайтынан алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Республикалық дәрілік ақпараттық-сараптамалық орталық мамандары осы қысты адамдарға суық тиген жағдайда қалай ақша үнемдеп емделуге болатыны туралы кеңес айтты. Олар зерттегендей – ауырған адамдардың емделге жұмсаған ақшалары желге ұшырғанмен бірдей болыпты. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, тұрғындар қымбат дәрілер сатып алған.

Емделуші мұз кәмпит, қызуды түсіретін дәрі, тұмаудан арылтатын тамшы және басқа таблеткалар мен дәрілер үшін дәріханаға орта есеппен 4200 теңге тастап кетеді екен.

“Аталған дәрілер мен тамшылар ауру белгілерін уақытша ғана кетіреді. Ал негізінде пайдалы қадамға барып, бір күн емделуге санаулы ғана теңге жұмсауға болады”, – дейді аталған орталық қызметкерлері.

Емделу схемасы өте қарапайым: парацетамол, тамақ пен мұрынды тұзды қайнатпамен шаю, суды көбірек ішу және жақсылап тамақтану. Әйтсе де мамандар қанша қазақстандықтың қымбат жолмен емделуден бас тартып, 30 теңгелік емделу схемасын таңдағанын анықтамады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар