Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман: АН-28 ұшағын нашар ұшқыштың өзі қирата алмайды

Алматы түбінде Ан-28 ұшағының апатқа ұшырау себептері туралы “Авинт Ел Авиациялық технологиялар альянсы” компаниясының бас директоры Виктор Прядка Sputnik радиосына мәлімдеме жасады.

“АН-28 ұшағы өте сенімді, оны тіпті нашар ұшқыштың өзі қирата алмайды. Бұл жерде ұшқыштың қателігі болған сияқты. Мүмкін ұшақ төмен биіктікте болғандықтан шығар. Өздеріңіз білетіндей, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 12 минуттан кейін құлаған. Мүмкін сол аймаққа оңтайланып ұшқан шығар. Ақау содан кетті деп ойлаймын. Польшада 90-жылдары шығарылғанымен, ол өте сенімді: бір қозғалтқышпен ұшады, егер қозғалтқыштың  екеуі де істен шығатын болса, планер ретінде жерге қонуға мүмкіндігі бар. Жалпы қазіргі уақытта ұшақтың бұл түрі шектеулі жерлерде қолданылады. Аэроклубтарда, парашютшілерді лақтыру мақсатында қолданылады”, — деп Виктор Прядка өз пікірімен бөлісті.

Жіберіп алмаңыз:

“Зекет” қоры мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті

Қазақстан азаматы 9 келі есірткімен ұсталды

Ұшақ апаты: Дәрігерлер құтқармақ болған сәбидің жағдайы белгілі болды

Көмір тапшылығы: Қазақстандықтар күн суығанда үйді қалай жылытарын білмей отыр

Талқылау