Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Орнын ешкім баса алмайды": Қалаулым қатысушысы 29 жылдан кейін әкесімен кездесті

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Динара Хайруллина 29 жылдан кейін әлеуметтік желі арқылы сұрау салып, әкесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Қалаулым

Динара осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында әкесін тапқысы келетінін жазған. Артынша оған бір қыз көмектесіп, суретті Өзбекстандағы топтарға жіберіп, Динараның әкесін танитын адамдарға шығып, 29 жылдан кейін бойжеткеннің әкесімен қауышуына септігін тигізген.

«Мен әкемді таптым! Ғажайып болды. Армандар орындалады екен. Бұл күнді ешқашан ұмытпаймын», - дейді Динара Хайруллина.

Әкесіне хабарласқанда Динараны бірден таныған көрінеді. Сонымен қатар қателіктерін мойындап, қалған уақытын қызының жанында өткізгісі келетінін жасырмапты. Жүрегі қуаныштан жарыла жаздаған Динара ата-ананың қадірін білуге шақырды.

«Ата-аналарыныңызды бағалаңыздар, өйткені олар біздің өмірімізде жалғыз. Ешкім әке-шешенің орнын баса алмайды», - дейді ол.

Динараның анасы ешқашан қиындыққа мойымай келген. Алайда, әкесімен сөйлескеннен кейін анасының тағдырына налыды ол. Дегенмен Динара өміріне, тағдырына, бүгіні мен бұрынына дән риза.

«Мама, сен бақыттысың ба? деп сұрағанда, "иә" деп, менің алдымда мықты, күшті болып келген. Бірақ сол бір секундта, анамның тағдыры негізінде оңай болмағанын түсіндім. Әлі күнге дейін өзін мықты ұстайды, ештеңеге өкінбеймін, тағдырыма ризамын, қандай қиыншылық болса да қабылдаймын», - деп жазды Динара.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр