Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова тыңдарманына: Күйеуім болмаған соң, терді сахнада шығарамын

8 наурыз күні аналарға арнап концерт берген Мақпал Жүнісова ән кешінде халықпен қалжыңдасып, барынша елмен араласуға тырысты. Ол сахнада терлеп-тепшіп ән айтуының себебін әзілмен түсіндіріп, көрерменді күлкіге батырды. 

Мақпал Жүнісова тыңдарманына: Күйеуіміз болмаған соң, терді сахнада шығарамыз
Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Күйеуі бар әйелдер: - Осы Мәке, сіз неге терлей бересіз? - дейді. Енді сендер терді күйеулеріңмен шығарасыңдар, бізде күйеу жоқ болған соң сахнада шығарамыз дедім", - деп күлді сахнада тұрған Халық артисі.

Ән кеші барысында шашына ақ түскен кейуананың бірі Мақпал Жүнісовадан ырым ретінде бір зат сұраған. Оған әнші: 

"Бөркімді шешіп бере алмаймын енді. Қайрат Нұртас емеспін. Ол кісінің әке-шешесі бай, бизнестері бар. Менде бай жоқ", - деп жауап берді. Артынан Халық артисі бұл әрекетін түсіндірді: 

"Бұл бірінші рет емес. Кеше де гаухар тасты сақинамды сахнада кигізіп жібердім. Мен бәріне жетпеймін ғой. Бәрі бір нәрсені ырым етіп алғысы келеді. Ол енді жақсы нәрсе. Көбінесе бізде Қайрат Нұртас костюмдерін таратып жүреді. Он шақты, жиырма шақты костюм тіктіріп алады екен да, гастрөлде өзімен бірге алып жүреді. Кішкентай балаларға таратып береді, өзінде дәл сондай басқасы болады. Өйткені оның тігін цехы бар. Сол жерде Қайратқа арналған көптеген костюмдер тігіледі. Ал менде ондай жағдай жоқ. Сондықтан да ештеңе бере алмай қалдым жаңа. Дегенмен, туыстарым кітабымды, дискімді сыйға тартты".

 

Талқылау