Мақпал Жүнісова өзін бопсалағандарға ақша да, көлік те бермейтінін айтты

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 11:23

Осыдан 9 жыл бұрын Мақпал Жүнісованы шу шығарып тұрған жерінен әуежайда видеоға түсіріп алған. Артынша видеоны белгісіз біреулер youtube желісінен бір алып, бір салып әншінің мазасын қашырған. Мұнымен қатар, ол видеоны жою үшін ақша мен су жаңа көлік талап еткен. Алайда әнші өзін бопсалаған жандарға ешнәрсе бермейтінін айтты.

логкк

Бұл туралы “Ел аузында” бағдарламасында баяндады.

Осыдан тоғыз жыл бұрын Жүнісованы ұшақта отырған жерінен екі милиция қызметкері күштеп сыртқа алып шығады. Мұнымен қатар, көпшіліктің көзінше билет көрсетуін талап етіп, ұшақтағы сөмкесі мен телефонын алуға да мүмкіндік бермейді. Бұл әрекеттерінің себебін де дұрыс түсіндірмеген. Ал видеода әнші қатты ашуланып, өзіне күш көрсеткен екі азаматтың әрекетін түсінбей дал болғанын айтады. Арасында дисфемиздер қосып сөйлеген тұсы да бар. Әншіні күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған төмендегі видео.

Аталған видеоны түсірген азаматтар осы күні Мақпал Жүнісованы бопсалап, одан ақша ғана емес, су жаңа көлік талап еткен. Бұл туралы “Мен ешкімге ақша төлемеймін, мен ешкімге көлік бермеймін. Мен одан да жетімдерге берейін. Қазақтардың ар-намысын қорғаймыз десе, қолынан келіп тұрған азаматтар соны алдырып тастамай ма?” деп қорғансыз қалғанын жеткізді. Алайда ерке қыздың намысын қорғау қолынан келетін азаматтар бүгінгі таңда еш қарекетсіз. Бұл ақпарат жетпеді ме, әлде бей-жай қарағандары ма ол да белгісіз.

06004380013353505772504201257_800x600

Әріптесі Құдайберген Бекіш “Ол өнерде танымал әнші, сондықтан жақсының артынан жаман сөз ереді. Оны көре алмайтындар жасауы мүмкін. Оны түсірген еркекті еркек емес деп ойлаймын. Әйел адамы туралы сондай дүниені youtube видеолар желісіне салып, ол туралы айтып… Мақпал одан өспесе, өшпейді деп ойлаймын. Мақпал қашан да Мақпал болып қала береді. Халық оны түсінеді” деп әншіні жақтай түсті.

71341830

Өнердегі бауыры Сәкен Майғазиев “Бір жағымсыз видео түсірген жігіттерді көрдім. Жігіттердің даусы шығып тұр. Қай жердің жігіттері екенін де біліп тұрмын. Әр өңірдің сөйлеу мәнері бар ғой. Аймақтық сол дауыстарына қарап, жігіттердің жеткен жері осы болды ғой деп қатты қынжылдым” деп мұны істеп отырған қазақтың қаракөз жігіттері екеніне ұялатынын айтты.

Мақпал Жүнісова өзін бопсалағандарды заң жүзінде қуадаласа, жеңіске жететініне сенімді. Алайда бұл ұзақ уақытқа созылып кетуі мүмкін болғандықтан, босқа әуре болғысы келмейді. Соңғы кезде сот түгіл көңілді кештерге де барғысы келмейтін көрінеді.

EBC70C1B-35AC-4EF5-B87B-6FD63FC7B4C3_mw1024_s_n

“Тойға барсақ та біреумен амандасуға қорқамыз. Бәрінің қолында телефон. Қатты күліп қойсаң да, ойбай мына кісі ішіп алған ба деп ойлайды. Адамдарға қатты таңқаламын. Кейде үндемей тыныш кететін болдық. Су ішуге де қорқамыз” деп өзін шақырған тойларға барғысы келмейтінін тілге тиек етті.

Соңынан еріп келе жатқан Мерейді анасының басында болып жатқан жағдайлар қатты қынжылтады.  Бірақ халықтың бәрібір анасына деген ыстық ықыласы бар екенін мойындайды.

Бұдан бөлек Қайрат Нұртас, Қайрат Түнтеков пен Бейбіт Қорған сынды әншілер әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеоларға бола сахна төрінен алыстауға мәжбүр болған еді.

Алайда барлығын уақыт өзі ретке келтіріп, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп кеткен мықты азаматтарды халық махаббатынан тартып алуға болмайтынын дәлелдеген секілді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін сахна төрінде масқара болған жұлдыздар туралы жазған болатыбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар