Мақпал Жүнісова ғаламторда тараған атышулы видеоларға қатысты түсінік берді

Сейсенбі, 16 Ақпан , 2016 8:24

Мақпал Жүнісова біраз уақыт бұрын ғаламторда жарияланып, соңы үлкен шуға айналған екі видеоға қатысты түсінік берд,-деп хабарлайды stan.kz  comode.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

макпаллл
Мақпал Жүнісованың ұшақтан қалдырылып, сөмкелерін сұраған видеосын Павлодар әуежайында болған еді. Көпшілік видеода дауыс көтере сөйлеген әншіні мас деп түсінгендерін айтқан еді. Әншінің өзі осы ретте шудың неден басталғанын толығымен баяндап берген.

Әуежайға шығарып салатын адамдар кешігіп келді де: «Ерте барғанда не істейсіз? Сізді вип арқылы өткіземіз. Алаң болмаңыз», – деді. Ал менің орным бизнес-класта болатын. Павлодардың әуежайы кішкентай, ұшаққа арнайы автобуспен апармайды. Жаяу баруың керек. Сол себепті де кешігіп баратыныма қобалжыдым. Түні бойы жанды дауыста ән айтқаным бар. Оның үстіне қонақ үйдің іші суық болды, тамағым ауырып қалған еді.

Сол күні Алматыда тойым болатын, ақшасын да алып қойғанмын. Негізі әлі уақыт бар. Дегенмен бір сағат бұрын бару керек деген қағидаға үйреніп қалған адаммын. Аздап ренішімді білдірдім. Ақыры не керек, әлгі жігіттер мені вип арқылы өткізді. «Сіз сөмкеңізді алып, ұшаққа беттей беріңіз. Құжатыңызды қалдырсаңыз, тіркеуден өзіміз-ақ өткіземіз», – деп мені жіберді. Ұшаққа отырып алдым. Сәлден кейін бір жігіт артымнан жүгіріп келіп, құжатымды алып келді. Түні бойы ұйықтамағаным бар. Әрі ауырып отырғандықтан болар, тез-ақ ұйықтап қалыппын. Қап-қара киініп алған, денелі екі жігіттің түрткенінен оянып кеткенім бар ма? Арада жағымсыз әңгіме өрбіді.

˗ Түсіңіз ұшақтан! – деді ай-шай жоқ әлгі екі жігіт. Ештеңені түсінбеген мен:
˗ Алматыға келдік пе?
˗ Жоқ, сіз ұшпайсыз, тезірек түсіңіз!
˗ Неге ұшпаймын? Кешке тойым бар. Алматыға жетуім керек.
˗ Билетіңіз қайда?
˗ Қандай билет? Қарағым, қайда екенін білмеймін. Жаңа куәлігімді бердім ғой. Қазір бәрі электронды түрде емес пе? Билет көтеріп жүргенімізді қашан көрдіңдер? Қарақтарым, қойыңдар. Ұшуым керек.
Ұшақ болса әлі тұр. Әлгілер:
˗ Жоқ, түсіңіз! – деп болмады. Мен:
˗Түспеймін, – дедім.
˗ Ендеше күш қолдануға тура келеді.

Айналадағы адамдардан ұялғанымнан көндім. Сөмкемді алайын десем, әлгілер жол бермеді. Екеуі қолтығымның астынан ұстап, кәдімгідей сүйреп шығарды. Намысыма тиіп кетті. «Өзім-ақ түсемін» деп шырылдағаныма да қараған жоқ. Әлде әдейі менің қытығыма тиіп, бейнеге түсіріп алғысы келді ме, ол жағын білмеймін. Жүйкем сыр беріп, онсыз да ауырып тұрған тамағым қарлығып, сөйлей алмай қалдым. Жылайын десем, елден ұят. Амалсыздан ішіме жұттым. Барлық заттарым қалды. Ішінде кешке болатын тойдың да ақшасы, домбырам бар еді. Бәрін анықтауға барғанымызша ұшақ ұшты да кетті. Мен Павлодарда қалып қалдым. Ол қаладан ұшақ та жиі ұшпайды. Келесі рейс тек бір күннен кейін. Сол жағдайдан кейін ұшаққа мінуге де жүрексініп қалдым. Сол сәтте қорыққаным соншалық Астанадағы бауырыма хабарласып: «Тез арада келіп, мені алып кет», – дедім.

Сол кезде сізді бейнетаспаға түсіріп алған адамды таптыңыз ғой? Өзі өрімдей жас бала екен…
Ол баланың еш кінәсі жоқ болып шықты. Кезінде бір компанияда жұмыс істеген екен. Құжатын пайдаланған әлдебіреулер соның атынан бейнені ғаламторға жариялапты. Жігіттің туыстары да оны әбден қарғап-сілеген көрінеді. Бәрі теріс айналыпты.

Сосын ол бала жылап, менің продюсеріме келіп: «Мақпал апайға айтыңызшы, менің суретімді ғаламтордан алып тастасыншы. Менің кінәм жоқ», деп бар жағдайды түсіндіріпті. Содан мен де оның суретін инстаграмдағы парақшамнан алып тастадым. Бұл іс осылайша жылы жабылған еді. Енді міне араға үш жыл салып, сол бейнені тағы біреу youtube-қа салып қойыпты. Біреу менің абыройыма осындай жолмен нұқсан келтіргісі келеді. Тоғыз жыл бұрын орын алған оқиға тағы бар. Оны да айхай-шумен алып тастады.

Зәкең дүниеден өткеннен кейін бірінші рет концертке Ақтау не Атырау өңіріне бардым. Бір адам жылы қабақ танытқан жоқ, ешкім қарсы алмады, жұрт мені елемеді. Бәрі теріс айналды. Сонда жүрегім қатты ауырды. Даңғырлаған музыкадан қонақ үйде түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Бір кезде қарным ашып, ақыры ұйқы болмаған соң, музыкантыма өтініш жасап, дүкеннен тамақ алып келуін сұрадым. Балық жеп, сыра іштік. Ұйқы жоқ. Таңғы сағат бесте Тарновскийге (авт. музыкант): «Сыртқа шығып, серуендеп қайтайық. Бәрібір үш сағаттан кейін ұшаққа шығуымыз керек», – дедім.

Әуен бір мейрамханадан шығып жатқан болар деп ойладық. Сөйтсем қонақ үйдің менің бөлмем орналасқан жағында бес-алты жігіт көліктің үстіне отырып алып, ішімдік ішіп, музыканы қатты қойып, шулап тұр екен. «Не болса да, жоламайық» деп шештік. Дала қараңғы болатын. Аяғымда тәпішке, көзімде көзілдірігім бар. Қараңғыда ешкім көре қоймас деп шыға салған түрім. Кішкенеден соң артқа бұрылып, қонақ үйге жақындап қалған кезде анадай жерде тұрған жігіт менің атымды атағанын естіп қалдым. Әңгімелерін құлағым шалып қалды. Өздері мені аңдыған көрінеді.

«Құрысын» деп тезірек қонақ үйге кіруге асыққанымда бір жігіт: «Мақпал апа, сәлеметсіз бе!» – деді. Өзіміздің қазақтың жігіттері екен, не болса да барып, айтарымды айтайын деп шештім. Жандарына барып едім, алкогольдің иісі бұрқ ете түсті. Араларында біреуі ғана сау екен. Отыз жас шамасындағы бір жігіт: «Апай, неге ұйықтамай жүрсіз? Жаныңыздағы күйеуіңіз бе?»- деп намысқа тиіп сөйледі. «Қарағым, не оттап тұрсың? Сен не, менің күйеуімді өлтіріп кеткенін білмейсің бе?»- дедім ызаланып.

«Сенің күйеуіңнің бар екенін білмейді екенбіз», – деді одан сайын қытығыма тиіп. «Заманбек Нұрқаділовті танымайсың ба?» – десем, әлгі жігіт бірінші рет естіп тұрғандай сыңай таңытты. Әбден намыстандым. Бір кезде арақ ұсынды, әбден қаным қарайып тұрған мен: «Жоқ, бар болса сыра ішейін», – деп әлгі жігіттер ішкен стақаннан ішуге жиіркеніп, бөтелкенің аузынан іше салдым. Жүйкем сыр берді. Бір кезде Тарновский: «Мақпал Мұхамедиярқызы, бұл жерден кетейік, сізді жасырын камера түсіріп тұр», – деді.

Мен байқамаппын. Расымен де бір жігіт тасадан тығылып түсіріп тұр екен. «Қарағам, бері кел. Азамат емессің бе? Айтсаң, түсеміз ғой видеоңа, арқадан тас лақтырып тұрғандай тығылып тұрғаның не?» – деп едім, әлгі жігіт ыржалаңдап, одан сайын ызама тиді. Ашуға ерік беріп, боқтық сөз айтқаным рас. Жігіт басымен сондай жиіркенішті әрекетке барды. Мені түсіреді, оны жариялайды деп ойлаған жоқпын. Ұрыспай, төбелеспей тарқасайық деп өз жөніммен кеткен едім. Қонақ үйдің де директоры келіп, оларға жоламауымды айтты. Ал мен қазақтың балалары маған кесірін тигізе қоймас дедім де қойдым. Сөйтсем бәрін жазып алыпты.

Кейіннен сол бейне жазылған дискіні өздері менің үйіме алып келді. Күзетшіге «жаңа ән» деп айтқандықтан, алдыртып едім. Қоссам, ешқандай да ән жоқ. Әлгінде орын алған оқиғаны әлгі жігіттер түгел түсіріп алып, өзіме жіберіпті. Бірінші өзім көрдім. Жауап қайтарайын десем, не аты, не жөні жоқ. Дискіні сындырып, лақтырып жібердім.

Бір күні видео ғаламторда жарияланып, шу шықты. Мұндай алаяқтар солай ақша табады. Адам жалдасам да ол жігіттерді тауып алуыма болар еді. Бірақ олардың деңгейіне түскім келген жоқ. Сол бейне тоғыз жыл бойы ғаламторда тұрды. Бір күні әңгіме арасында: «Осы видеоны ғаламторға салып не тапты екен?» – деп айтып қалып едім, бір кісілер: «Оған бола жүрегіңізді несіне ауыртасыз? Сіз түгілі Елбасымыз туралы да талай нәрселер тұр емес пе?» – деп басу айтты.

«Әй, сонда да, қанша дегенмен, әйел баласымыз. Намысыма келді. Алып тастар адам табылса, соған көлігімді берер едім», – деп едім, видеоны ғаламтордан бірден алып тастады. Содан біреулер хабарласып, мәшине талап етті.
Көзге көрінбейтін адамдар менімен алысып келеді.

Содан?

«Қарағым, бере алмаймын. Иә, эмоцияға беріліп, «көлігімді беремін» деп айтқан шығармын. Қолдарыңнан келе тұра тоғыз жылдан бері неге қарап отырдыңдар? Сол кезде-ақ алып тастағандарыңда расымен де көлігімді берер ме едім? Болары болып, бояуы сіңген соң, несіне беремін? Жарайды, сізге көлігімді бердім делік. Бірақ ертең сол видеоны басқа біреу салып қоймасына кім кепіл?» – дедім.

Міне, бұл қазақтың өз қазағына жасаған қиянаты. Менің одан еш жерім кеміп қалған жоқ. Тек бір түйір қызым үшін алаңдаймын. Мерейім: «Мама, оған бола жүрегің ауырмасын. Ондай адам емес екеніңді мен білемін ғой», – деген соң жаным тынышталды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

16
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Макпал Жунисовага жететин анши жок журт не деседе о десин мен ушин ен керемет анши болып кала береди Макпал апамнын анин суйеп тындаймын

  • Жұмбақ жан says:

    Макпал апай, журт не десе де, сиз керемет аншисиз. Сиздин ашык та жайдары минезиниз бен талантыныз бар. Алла жар болсын… Гульмира

  • маке says:

    Я өз-өзін ұстай білу керек пиво ишкені несі осы әншілер ишпесеңдер қайтеді. Намаз оқып Аллаһ Тағалаға сиынып сабыр қылса оның біреуіде болмас еді.
    Ойлап қарасам сіз үлгілі жан емес екенсіз! Мен мына создері мұнан оқып жағамды ұстап отырмын.

  • Жұмбақ жан says:

    Жигиттер намыссыз болып кеткен. Каттыннын исин истеп жур. Барлык ерлер кауымынан кеширим сураймын , барлык еркек ондай емес бирак осындай намыссыз еркектер бар.

  • Жұмбақ жан says:

    Макпал апай сіз керемет жансыз

    • Жұмбақ жан says:

      мен өз басым Макпал апайды қатты силаймын айтқан ел айта берсин мен сизге сенемін .

  • Жұмбақ жан says:

    Не ішіп, не жесе де əркімнің өз еркі, ал жақсы видеоға түсіріп ютубқа салды, не өзгерді, жалпы біздер өте ұсақталып кеттік қазақтың жігіттері, баққанымыз өсек-аяң, қарыным ашады, Мақпалға жəне басқа да жұлдыздарға айтарым, сендерде қалтаға түскен ақшаның буына мастанып кетесіңдер, Роза құсап, қарапайым жүруге болады ғой, елдің алдында болатындықтан екі есе сақ жүргендерің жақсы деп ойлаймын, Бауыржаның анау, тойып алып, өзінің баласындай баланы боқтап, өмірдегі шынайы бет-бейнелеріңді көрсетіп аласыңдар, өздерің білесіңдер, біздер көре алмаймыз, бар болса бөліп бермейміз, жоқ болса күндейтінімізде, бір сəт арғы ата-бабалардың сөздерін еске алып жүріңдерші, бəрі тегін айтылмаған,

    • Назира says:

      Макпал апай не истеседе ози билетин жастагы айел….байы бар айелдерде мас болады..аузына келгенин айтады…ана небир тойдагы ойын .сайкымащыктанып журген канша катындарга караганда…бул жагдай озгеше…мен айел болгандыктан Макпал апайдын сол кездеги сезимин катты тусинемин…Алла ешбир айел жанга ол кисинин басынан откен жагдайды корсетпесин деп тилеймин.Макпал апай аман болыныз,билениз,ан салыныз,биз сизбен мактанамыз.

  • Жұмбақ жан says:

    Актау, Макпалдың өтірік айтып отырғаныңа сенімдімісің? Осы сөздеріңе жауап беруге дайынсың ба?

  • Жұмбақ жан says:

    Ишседе оз ерки деп ойлаймын. Биреудин омирине кол сугу… Казирги казактын еркектер усакталып барады. Намыс дегеннен жұрдай.

  • Жұмбақ жан says:

    бир жерин кысып журу керек еди

  • Актау says:

    Отирик айтпасай! Кемпир болдын алиде ишесинба?

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар