Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Димаш туралы: Ресейдің өзі оған қарап не істерін білмей, біртүрлі боп жүр

Димаш – 1000 жылда бір туатын адам. Отандасын осылай деп бағалаған Мақпал Жүнісова оның ерекше дарын иесі екенін бала кезінде-ақ байқаған. Халық артисі, тіпті Димаштың ата-анасына қазақстандық байқауларға қатысты нұсқауын да берген көрінеді. Ал бүгінде Мақпал ханым Димаштың талантына әлемнің ірі державалары қызыға қарап отырғанына сенімді.

Мақпал Жүнісова Димаш туралы: Ресейдің өзі оған қарап не істерін білмей, біртүрлі боп жүр

Бұл туралы Жүнісова Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Димаш – ол 1000 жылда бір туатын шығар. Ол шынымен де қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыз деп айтсам, артық айтқан болмаймын. Димашты қайталаудың қажеті жоқ. Димаш – уникум, ол жалғыз. Қазақстанда ол бірден бағын аша алмады. Мен басында-ақ Қанат пен Светаға, Димаштың кішкентай кезінде айтқанмын. Бұл баланы Қазақстанда байқауға қатыстырып, таңғалдырамын деп ойламаңдар. Бұндайды бізде қабылдамайды деп айтқанмын”, – дейді Жүнісова.

Халық артисінің айтуынша, мемлекет кезінде біртуар дарын иелерін уақытында бағалай алған жоқ. Әйтпесе Қазақ елінде әлемді таңдай қақтырар таланттар көп болды, дейді Жүнісова. Әрі ол ғаламтор дамыған заманда желі арқылы танылу да оңай деген пікірде.

“Кезінде Ерік Құрманғалиев деген де болды ғой. Ол да шетелге кетіп, қаншама аты шықты. Бірақ ол кезде интернеттің заманы емес еді. YouTube деген жоқ. Сондықтан да оның аты шықпай қалды деп айтудың өзі күнә. Ол шетелде кәдімгідей жақсы ақша тауып, аты шыққан адам. Оны көрсетпеді.

Кезінде бізде Әлібек Дінішев, Ермек Серкебаевтар да жаман болған жоқ. Күләш, Бибігүл апаларымызды, даусы бар әншілерді мемлекет дұрыс пайдалана алды ма? Жоқ. Егер де ол кісілерді де жақсылап жарнамалап, шетелдік конкурстарға шығарса… Мысалы, Сембек Жұмағалиевтің даусы қандай болды?! Ол да эстрадалық байқаудан орын алып келген, бірақ жатақханада 10 жыл тұрды. Я үй берілген жоқ, уақытымен оны қолдаған жоқ ешкім. Бізде әлі де бар”, – дейді қазақтың ерке қызы.

Жүнісованың айтуынша, бүгінде Димаш бағындырған биікке бұған дейін бірде бір қазақ баласы шықпаған.

“Ал енді Димаш қазір әлемдік деңгейде жеке концерттерін беріп жатыр. Майкл Джексон сияқты. Ол қазақтарда болмаған нәрсе. Бізде халықаралық деңгейдегі әншімін деп сөйлейтін адамдар бар ғой. Бүкіл әлемді жаулап алғандай болып сөйлейтін адамдар бар. Бірақ ондай болмаған. Ешкім жеке концерт бермеді. Біз де шетелде болдық, бірақ біз 4-5 әннің көлемінде ғана айтып келетінбіз. Ал былай стадиондарға берген емеспіз. Қазір біз Димашты күнде көріп, мақтанып жатырмыз. Ресейдің өзі қазір не істерлерін білмей, біртүрлі боп жүр. Құдай өзі тіл-көзден сақтасын, оның даусы қазір 6 октаваға дейін жетіп қалды. Ол күнделікті өзін-өзі баптап, тек қана дұрыс жолмен жүріп, Алла берген даусын дұрыс бағытта пайдаланып жатыр”, – деп ағынан жарылды ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін Жүнісова жас кезіндегі махаббаты туралы айтқан болатын. Сүйген жігіті басқа қызды жүкті етіп, әншімен айырылысып кеткен. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау