Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макарон пісірген суды не үшін төкпеу керек: бас аспазшылар жасырған құпия

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі бас аспазшылардың макарон пісірген суды не үшін төгуге кеңес бермейтінін түсіндірмекші.

Макарон пісірген суды не үшін төкпеу керек: бас аспазшылар жасырған құпия

Бас аспазшылардың айтуынша, бұл қарапайым ингредиент тағамдарды айтарлықтай дәмді етеді.

Себебі, қайнату процесінде ұннан суға крахмал бөлінеді екен. Сол себептен де, макаронды пісіргеннен кейін кәстрөлде ақшық түсті сұйықтық қалады. Ал адамдардың көпшілігі оны төгіп жатады. Бірақ аспаздар емес. Олар оны «алтын сұйықтық» деп атайды. Өйткені, дәл осы сұйықтық пастаға арналған тұздықтың қою және біркелкі шығуына көмектеседі.

Оны қалай пайдалану керек

Көп жағдайда тұздықтың орнына қандай да бір түсініксіз нәрсе шығады. Себебі, қоспадағы су мен май бірікпей, бөлініп кетеді. Міне, мұндай кезде макарон пісірген су керек болады. Ол эмульсификация үшін қажет.

Эмульсификация – бұл әдетте бірікпейтін, екі сұйықтықтың бір қоспаға бірігу процесі. Ал ұнның құрамындағы крахмал эмульгатор мен қоюлатқыш ретінде қолданылады. Сондықтан, тұздық жасайтын кезде оған бірнеше қасық макарон суын қосып, ақырын араластырыңыз. Нәтижесінде сіз қалың кремді консистенция аласыз.

Тұздық әзірлеуде тек макарон пісірген суды ғана емес, сондай-ақ жасымық, бұршақ, қоңыр күріш салынған суды да пайдалануға болады. Себебі, олардың бәрінде крахмал көп.

Сондай-ақ, осы сұйықтықты пайдаланудың тағы бір артықшылығы бар. Егер макаронды суда қайнатқаннан кейін оны жумасаңыз, онда да оларды тұздықпен біріктіретін крахмал қабаты қалады. Сонда сіздің макароныңыздың дәмі әлдеқайда дәмді, әрі үйлесімді болады. Бұл әдісті кез келген тұздыққа қолдана береді. Ол қызанақ, кремді Альфредо және тіпті песто тұздығы болсын, маңызды емес.

Ал макаран қайнатқан суды сақтаудың бірнеше әдістері бар:

1. Әдеттегідей, макарондарды шұңқыр ыдысқа салып, суды бөлек ыдысқа құйып қойсаңыз болады.

2. Макаронды арнайы сүзгіші орнатылған кәстрөлде пісіріңіз. Бұл процесті айтарлықтай жеңілдетеді. Макарон дайын болғанда тек кәстрөлдің сүзгішін алсаңыз болды, ал суы сонда қалады.

3. Спагетти және феттучини сияқты ұзын макарондарды судан арнайы қысқашпен алыңыз.

4. Ал, ұсақ макаронды кепсермен сүзіп алыңыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау