Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмұд Сабырханның туған інісі Азия чемпионатында өнер көрсетеді

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Астанада өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылған Төрехан Сабырхан елордамызда өтетін жастар мен 22 жасқа дейінгілер арасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды. Жастар арасында үш рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанған Төрехан Сабырхан төртінші рет сарықұрлықтың үздік боксшысы атануға тырысады. Назарларыңызға Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылардың жастар құрамасының тізімін ұсынамыз. 

48 келі. Эділбек Кожахан
51 келі. Бексултан Боранбек
54 келі. Нурасыл Телебек
57 келі. Жансері Кешербаев
60 келі. Алексей Хаванцев
63,5 келі. Ахмет Усен
67 келі. Терехан Сабырхан
71 келі. Онер Сейілхан
75 келі. Санжар-Али Бегалиев
80 келі. Мадияр Бенсултанов
86 келі. Имангали Нурпеис
92 келі. Расул Асанханов
+92 келі. Нуркелді Жуматай

Айта кетейік, бұған дейін 22 жасқа дейінгілер арасындағы ерлер құрамасының құрамы белгілі болғанын жазған едік.  

Талқылау