Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мағзұм Маратұлы экология, геология және табиғи ресурстар министрі болды

Қазақстанда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.

Қазақстан Республикасының президенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.

Жаңа министрлікке бірнеше министрліктің функциялары мен өкілеттіктеріне беріледі:

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру және енгізу, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылау, қадағалау және бақылау саласы;

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстарын пайдалану, қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласы;

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылмыдық даму министрлігі мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молықтыру саласы беріледі.

"Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Бұған дейін Мағзұм Маратұлының кандидатурасы мәжілістің экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитет отырысында қаралды. Мәжіліс оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.


Жаңа министр туралы не білеміз?

Талқылау