Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдинаның кешінде ресейлік әнші қазақтың халық әнін орындады (видео)

Ресей әншісі Александр Панайотов Мәдинаның ән кешінде қазақтың халық әні «Япурайды» орындап, халықты тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz.

панайотов

Фото: instagram.com/panaiotov/

Панайотов қазақ халқының құшақ жая қарсы алғанын айтып, қазақ тілінде ән айтқан сәтте ерекше тебіреністе болғанын айтты.

«Бүгін өмірімде алғаш рет қазақ тілінде қазақтың халық әні «Япурайды» орындадым. Ән аяқталғаннан кейін Батырхан Шүкеновтің анасы гүл ұсынды. Жылап жібере жаздадым. Ал мына суретте аты аңызға айналған Роза Рымбаева мен супер-жұлдыз, осы кештің иесі Мәдина Сәдуақасовамен», – деп жазды ресейлік әнші желідегі парақшасында.

Видеоны желіге танымал әнші, музыкант Әли Оқапов жүктеді.

Айта кетейік, Александр Панайотов көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері. Ел арасында оның “Леди дождя” деп аталатын әні кеңінен танымал.

Естеріңізде болса, кеше әнші Мәдина Сәдуақасованың жеке ән кешінің өткенін хабарлаған едік. Кеш барысында Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Беспаевпен дуэт айтып, көпшілікті тәнті етті.

Жіберіп алмаңыз: 

Ұлттық нақыштағы бейнебаян! Динара Сұлтан халық әндерін насихаттауда (видео)

Майғазиев тағы да балалы болуды армандап жүр

Баян Мақсатқызы телеэкранға қайта оралды (фото)

Әнші Ақерке Бүркітбайдың сұлулығы Нью-Йорк назарына ілікті (фото)

 

 

Талқылау