Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдинаға ұқсайды: Қарақат Әбілдинаның жаңа образы желіде қызу талқыға түсті

Қарақат Әбілдинаның есімі аталған бойда елдің көз алдына қолаң шашты, қос бұрымды қазақ қызы елестейді. Тыңдармандар Қарақатты бір ғана образда көріп үйренген. Сондықтан болар, әнші имиджіне кішкентай ғана өзгеріс енгізсе де, көзі қарақты көрермен оны бірден байқайды, деп жазады Stan.kz.

Бірер сәт бұрын Қарақат Әбілдина жаңа образдағы суретін жариялап, жұрттың қызу талқысына түсті. Фотода қолаң шашты Қарақат кекіл қойып, біраз өзгерген. Алайда оған бола уайымдамаңыз, себебі:

“Шашың ұзын болса, осылай ұшынан орап әкеліп кекіл түсіруге болады. Ол үшін кекіл қиюдың қажеті жоқ. Өзгерісті бірден қабылдай алмайды екенмін. Барлығына уақыт керек”, – дейді Қарақат.

Бір қызығы, көпшілік кекілді Қарақаттың әнші Мәдина Сәдуақасоваға ұқсап қалғанын жарыса жазуда.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері жұбайынан актриса жасаған Қайратты сынап тастады

Қазақтың халық әнін шырқаған америкалық ару дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Қайрат Нұртас 1000 доллар тұратын костюмін жанкүйеріне бере салды

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Талқылау