Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдинаға не болған: Желіде Сәдуақасованың суреті қызу талқыға түсті

Шоу-бизнес өкілдері, әсіресе нәзік жандылар түрлі образға енгенді жақсы көреді. Себебі түрленусіз – өнер дамымайды. Алайда өнер иелерінің бұл қадамын көрермен қауым әрдайым оңды қабылдай бермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Мәдина Сәдуақасова

Мәселен, Мәдина Сәдуақасова өзге әріптестері ұқсап кино әлеміне қадам басуды жөн көрген. Ол кастингке қатысып, фильмге түсу үшін тыраштанып жатыр. Әзірге Мәдинаның қандай фильмде бой көрсететіні белгісіз. Есесіне желі қолданушылары Сәдуақасованың ондағы образын алдын ала біліп алды.

Бірер сәт бұрын Сәдуақасова кастинг өтіп жатқан жерден сурет жариялап, алғашқы әсерімен бөлісті.
“Е, осылай болады екен ғой”, – деп жазды ол.

Суретке қарасақ, Мәдина тарихи кинофильмде аяғы ауыр келіншектің рөліне бекітілуі мүмкін. Сондықтан алдағы уақытта Мәдинаның қатысуымен өткен кинофильм жарыққа шығып жатса, таңғалмаңыз!

Тағы оқыңыз: 

Джах Калиб пен Ғалымжан Молданазар дуэт жаздырмақ

Хайп жасадық: Арман мен Аша 3 жыл бойы елден не жасырған

Қазақ тіліне арналған күн: Баян Алагөзова жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

10 жыл бұрын: Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойының суреттері жария болды (фото)

Талқылау