Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасованың жаңа бейнебаянына түскен танымал актер ауруханадан бір-ақ шықты (видео)

Әнші Мәдина Сәдуақасова «Жұлдыздармен сырласу» әніне бейнебаян түсіріп жатыр. Ерекшелігі сол, туынды екі бөлімнен тұрады. Алайда бейнебаянда рөл сомдаған танымал актер Фархат Әбідрайымов аяқ астынан ауруханаға түсіп қалғандықтан, дыбыс жазу жұмыстары уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәдина Сәдуақасованың жаңа бейнебаянына түскен танымал актер ауруханадан бір-ақ шықты (видео)

Әншінің жаңа бейнебаяны әуе кемесінің қызметкерлеріне арналған. Туындыда стюардесса мен ұшақ жүргізушісінің арасындағы нәзік сезім иірімдері көрініс табады.

«Бір қалада тұрып, бір салада жұмыс жасап ,бірақ ,бірін бірі кездестіре алмай жандар, мүмкін аспанда жолығар…», – деп сипаттайды әншінің өзі Instagram-парақшасында.

 

Белгілі болғандай, бейнебаянның түсірілім жұмыстары толықтай аяқталмай қалған. Оған бейнебаянда рөл сомдаған актер Фархат Әбдірайымовтың ауырып қалғаны себеп болыпты.

«Жұлдыздармен сырласу» әніне түсірілген бейнебаянның екі бөлімінің де монтажы аяқталған болатын, тек дыбыс жазу жұмыстары ғана қалған. Бірақ бейнебаянда ойнаған белгілі актер Фарxат ағамыз аяқ астынан ауруxанаға түсіп қалғандықтан, біз асықпаймыз. Ағамыз жазылып шыққан соң, жұмысымызды бітірiп, бейнебаяндарды эфирге беретін боламыз, Алла қаласа! Әзірше Фара ағамызға сауық тілейміз», – деп жазды әнші.

 

Құрметті достар, “Жұлдыздармен сырласу” әніне түсірілген бейнебаянның екі бөлімінің де монтажы аяқталған болатын, тек дыбыс жазу жұмыстары ғана қалған, бірақ клипта ойнаған белгілі актер Фарxат ағамыз аяқ астынан ауруxанаға түсіп қалғандықтан, біз асықпаймыз @fara_actor жазылып шыққан соң, жұмысымызды бітірiп бейнебаяндарды эфирға беретін боламыз, Алла қаласа! Әзірше, дядь Фарамызға сауық тілеп ,клиптың бас жағын көріп, самолеттың ішіндегі жолаушылардың не жайында айтып жатқанын өзімізше құрастыра берейік… #ЖұлдыздарменСырласу #КлипНовый#

Публикация от Ⓜ️адина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Өз кезегінде әншінің тыңдармандарына жаңа әні ұнап қалып, пікір қалдырушылардың дені жоғары баға берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау