Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Мәдина Сәдуақасованың жаңа бейнебаянына түскен танымал актер ауруханадан бір-ақ шықты (видео)
Әнші Мәдина Сәдуақасова «Жұлдыздармен сырласу» әніне бейнебаян түсіріп жатыр. Ерекшелігі сол, туынды екі бөлімнен тұрады. Алайда бейнебаянда рөл сомдаған танымал актер Фархат Әбідрайымов аяқ астынан ауруханаға түсіп қалғандықтан, дыбыс жазу жұмыстары уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды Stan.kz.
Әншінің жаңа бейнебаяны әуе кемесінің қызметкерлеріне арналған. Туындыда стюардесса мен ұшақ жүргізушісінің арасындағы нәзік сезім иірімдері көрініс табады.
«Бір қалада тұрып, бір салада жұмыс жасап ,бірақ ,бірін бірі кездестіре алмай жандар, мүмкін аспанда жолығар…», – деп сипаттайды әншінің өзі Instagram-парақшасында.
Белгілі болғандай, бейнебаянның түсірілім жұмыстары толықтай аяқталмай қалған. Оған бейнебаянда рөл сомдаған актер Фархат Әбдірайымовтың ауырып қалғаны себеп болыпты.
«Жұлдыздармен сырласу» әніне түсірілген бейнебаянның екі бөлімінің де монтажы аяқталған болатын, тек дыбыс жазу жұмыстары ғана қалған. Бірақ бейнебаянда ойнаған белгілі актер Фарxат ағамыз аяқ астынан ауруxанаға түсіп қалғандықтан, біз асықпаймыз. Ағамыз жазылып шыққан соң, жұмысымызды бітірiп, бейнебаяндарды эфирге беретін боламыз, Алла қаласа! Әзірше Фара ағамызға сауық тілейміз», – деп жазды әнші.
Өз кезегінде әншінің тыңдармандарына жаңа әні ұнап қалып, пікір қалдырушылардың дені жоғары баға берді.