Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова Түркияны тікұшақпен аралады (фото, видео)

Әнші Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркияда демалып жатыр. Демалыс кезінде суретке түсіруден шаршаса керек, жолдасы бұл жолы ешқайда бармай, кешеннің ішінде қалуды ұсыныпты. Десе де, жолдасы райынан қайтып, отбасын әдеттегідей түрлі суретке түсірген екен.

image

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Мәдина Сәдуақасова отбасымен бірге Түркияның Белек қаласындағы “Regnum Carya Golf & Spa Resort” кешенінде демалып жатыр. Осыған дейінгі демалыстарында шаршаған жолдасы суретке түспестен, жәй ғана демалуды сұраған екен.

“Отбасымызбен Түркиядамыз. Өткен демалыста Бали еліне MarkІІ камерасын алып барған, оған қоса менің телефоныма да түрлі фотосессия жасап әбден шаршаған Олжас бұл жолы бір демалыс орнын тауып, сол жерден шықпай демалуды ұсынды. Не деген тыныштық. Үйде тыным таппайсың, бітпейтін тіршілікпен тіпті қиялдауға, армандауға уақыт табылмайды”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

13381253_257329864622893_1911793879_n

13402446_1607949389515984_1215625016_n

13397695_1595757617421595_993434822_n

Әнші жабыққаннан ұлы басты рөлді сомдайтын сурет-телехикая түсірген болатын. Алайда бірнеше күннен кейін жолдасы райынан қайтып, отбасын әдеттегідей суретке түсіруге кірісіпті. Мұнымен қатар, аталған елде ұлы Әнуардың туған күнін де тойлап үлгерген екен.

Умытылмас саттер.. Рахмет @regnumcarya 😘

Видео опубликовано Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Ғашықтар теңізге шомылып қана қоймай, тікұшақпен Түркия елінің әсем жерлерін аралаған. Әнші қуанышы қойнына сыймай жүргенін жасырмайды.


Жіберіп алмаңыздар:

Мәдина Сәдуақасова шаш үлгісін өзгерткені үшін тыңдармандарының сынына қалды

Сәдуақасованың ұлы махаббат туралы “телехикаяға” түсті (фото)

Сәдуақасова мектепте өзіне сабақ көшірткен сыныптасын таныстырды (фото, видео)

Сәдуақасованың табиғатына жат бейнебаяны жарық көрді (видео)

Талқылау