Мәдина Сәдуақасова: Шоу бизнес Ninety One тобынан басталады

Мәдина Сәдуақасова жас әншілер арасында Ninety One тобын ерекше жақсы көретінін, шоу бинзесте өз орны бар екенін айтты.

Әнші бұл туралы Тимур Балымбетовтың “Если  только” бағдарламасында айтты.

Мәдина қазіргі шығармашылығындағы жаңалықтарын айта келіп, қазіргі шоу бизнестегі ерекше жақсы көретін жас әншілерді атап өтті.

“Жастар арасында Ninety One тобын жақсы көрем. Тіпті шоу-бизенс Ninety One-нан басталады деп сенімді түрде айта алам. Өйткені Ninety One-ға дейін бізде өнер, эстрада, шоу болды. Бірақ бизнес болған емес. Ninety One-ның әншілерімен суретке түсуінің өзі ақылы. Ал, бізғ басқа әншілер, бәрімен суретке тегін түсе береміз. Сол секілді жас әнші Ayree ұнайды. Онымен бірге дуэт жазғанмын. Және Зирузаның өнері ұнайды. Қазіргі жас әншілердің стилі, еркіндігі ұнайды”, – деді Мәдина.

Әнші бұрын өзі ұнатпайтын ән стилін қазір өте жақсы көретінін жеткізді. Өзінің жан-жақты әнші екенін айтты.

“Осыдан 8-10 жыл бұрын маған ұсыныс айтып, әнін айтуды ұсынғанда “мынау не ән?” деп таңғалатынмын. Мүлде ұнатпайтынмын. Қазір ол әншілер бірінші орында. Олардың әні де маған ұнап кетті”, – дейді Мәдина.

Әнші өнерде бақталасы жоқ екенін, тек өзін өзіне қарсылас ретінде көретінін айтты. Дильназ Ахмадиеваны да, Жанар Дұғалованы да өзіне тек әріптес екенін айтты.

Мәдина Сәдуақасова жүргізушінің өтінішімен сұхбатты бастан-аяқ орыс тілінде берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар