Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова шаш үлгісін өзгерткені үшін тыңдармандарының сынына қалды

Әнші Инстаграм парақшасында жашын бұйралаған бірнеше суретін жариялады. Тыңдармандарының көбісі кекілді Мәдинаға үйреніп қалса керек, «бұрынғы шаш үлгіңізбен жүріңізші» деген тілектер  көбейген.

мадина

« Ия, шынымен мына шаш үлгіңіз жараспайды. Бұрынғы шашыңызды қайтарыңызшы»,-дейді Гүлбану Сайранқызы деген есіммен тіркелген желі қолданушысы.

Бұл суретте әншінің тек шаш үлгісі ғана емес киген көйлегі де сыналды.

мадина222

«Сіз асқабаққа ұқсап қалдыңыз. Ренжімеңізші»,-дейді Алнура есімді қолданушы.

«Мәдина, мына шашыңмен құбыжыққа ұқсайсың. Бірақ, қатты айтты деп ренжімеші. Бұрнғы шашыңмен өте сұлусың»,-дейді Мырзабекова есімді желі қолданушысы.

Тіпті әншіні өзге актриса,шетелдік әншілерге ұқсатқандар да болды.  Мәдинаның салған үш суреті әлі күнге қызу талқыланып жатыр. Тіпті тыңдармандар арасында «ұрыс» жүріп жатыр десек те болады.

мадина111

Себебі Сәдуақасованың жаңа шаш үлгісі біріне ұнаса,екіншісіне ұнамаған. Ал тағы бір тарап екі шаш үлгісін де қолдайды. Тыңдармандардың арасында әншіге шашы үшін ауыр сөздер жазғандары да бар.

Талқылау