Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова “қартайып барады” дегендерге ренішін білдірді

Соңғы кездері образымен түрлі тәжірибе жасап, өзгеріп жүрген Мәдина Сәдуақасоваға жұрт жағымсыз пікір жазуды үдеткен. “Мына образың жараспайды”, “көйлегің, шашың үлкен апалардікі сияқты” – осы сынды жазбалар Мәдинаны шаршатқан.

мадина сәдуақасова

Сәдуақасова өзінің бойынан кәріліктің белгілерін іздей бастағандарға ренішін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Жақында 39 -ға келдім. Әрине жаспын, өмірімнің бәрі алда… Бірақ, бір байқағаным, Олжасқа тұрмысқа шыққан күннен бастап, адамдар менен кәріліктің белгілерін іздей бастады, тіпті бір сәтсіз ракурстағы суреттердің астында: “мінеки, келді-ау бұған да кәрілік” – дегенді оқыдым. Адам баласына 30-40, тіпті 50 де қарт болу өте ерте, қазір 60-тағы адамдардың өзі өзін қарттар қатарына қоспайды. Біз болсақ әлі отпыз ғой. Олжастың көзімен қарасаңыз вообще 18-демін”, – деп жазды Мәдина желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары күншілдерге мән бермеу керектігін айтып, әншіге қолдау білдірді.

“Керісінше Олжас қайнымның жары болғалы жасарып кеттіңіз. Олай айтқандар қателеседі. Албан руының келіні деп естігем қателеспесем .Біздің уйде теледидардан сіз шыққанда балаларым жеңгеміз деп мақтанады. Олжас екеуіңіз ұзақ бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз отбасымызбен”, – дейді Баян есімді желі оқырманы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау