Мәдина Сәдуақасова күрделі моңғол тілін не үшін үйреніп жүргенін айтты

Мәдина Сәдуақасова жұбайы мен ұлын қалдырып, шет елге аттанды. Бүгінде моңғол тілін меңгеруге білек сыбана кіріскен әншінің, шекара асудағы мақсаты не?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Соңғы бір айда бар уақытын студияда өткізген Мәдина мен Ұшқын, Моңғолия еліндегі ән-сапарға қызу дайындалды. Алғашқыда аталмыш елдің мемлекеттік тіліндегі туындыларын шырқауға бекінгенімен, кейін жүрексінген көрінеді.

“Біз жоспарға қойдық. Біз ол әндерді көшіріп алдық. Моңғол тілінде. Біз тіпті бір кісімен жұмыс жасағымыз келді. Моңғол тілін бізге үйретті, әннің сөздерін. Бірақ өте сондай бір күрделі тіл екен”, – дейді Сәдуақасова.

Бірақ, қазақ өнерпаздарының шет елдік тыңдармандарға деген құрметі ерекше. Олар құшақ жая қарсы алған көпшілікпен моңғол тілінде сәлемдесіп, алғысын білдіруге қауқарлы.

«Сәмбәйну» – ол амандасу, яғни сәлеметсіз бе деген сөз. Және де «байөр-гөрги» – құттықтаймын деген сөз. «Байырлылар» – рахмет деген сөз. Сол Моңғолияға осы үш сөзді жаттап бара жатырмыз. Енді, барғаннан кейін тағы да көп сөздер үйренетініміз анық”, – деді Мәдина сапарға аттанбас бұрын.

“Толық сатылымға өткен билеттер. Тіпті өзіміздің жоспарымыздан артық, 1-2 концерт қосылып қалуы мүмкін деген сыбыстар бар”, – дейді Ұшқын Жамалбек.

Қос әншінің бұл бастамасы әлемдік турнеге жалғасуы мүмкін. Өйткені дәл осы концерттік бағдарламаға, аспан асты еліндегі қазақ қандастарымыз да қызығушылық танытып отырса керек…

“Аяғыңды жерге тигізбейді. Өздеріңіз барсаңыздар көресіздер. Өнер адамы, әнші келіпті ғой демейді, адам ретінде. Ұлы отаннан келді ғой деген сияқты. Саған деген басқаша көзқарасы бар да, мейрімді көзқарас бар”, – дейді Жамалбек.

Күні кеше Мәдина мен Ұшқын Моңғолияға аттанды. Бүгін шығармашылық ұжым аталмыш елді аралап, экскурсия жасауды жоспарлап отыр. Ал наурыз айының 14-і күні, Ұлан-батордың үш мың орындық зәулім сарайында қазақстандық жұлдыздардың алғашқы ән кеші өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиеваның өмірбаяны ағылшын тілі оқулығына енді

Шашы тақыр, костюмі ұзын: Төреғалидің сахналық образы желіде қызу талқыға түсті (видео)

Тамара Асар сүйіктісі бар екенін ашып айтты

Үнді киносындағыдай: Жұлдыз студент кезінде Қайратпен қалай танысқанын айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар