Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретіне күйеуінің көзқарасы жайлы айтты
Екі бірдей бейнебаянын жарыққа шығарып, шетелге демалуға кеткен Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суреттерімен жұртты біраз шулатқан еді. Әншінің купальникпен, қысқа шортымен түскен фотолары Instagram мен БАҚ-та қызу талқыға түсті. Бұдан Мәдинаның күйеуі де хабардар болған.

"Түнгі студия" бағдарламасында Мәдина ашық-шашық суреттеріне деген күйеуінің көзқарасы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.
"Ол кісі Instagram-да жоқ, бірақ барлық жаңалықтарды оқиды. Жаңалықтан көргеннен кейін жазды маған. Ол маған ұрыспайды, қатты сөйлемейді. Жай сөйлеп, барлығын түсінікті қылып жеткізеді", - дейді Мәдина.
Иә, Сәдуақасованың күйеуі купальникпен түскен суреті үшін Мәдинаға ұрыспаған. Есесіне ескерту жасап, фотоның өшірілуін және келесіде қайталанбауын талап еткен.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?