Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Мәдина Әбілқасымова: Жәрдемақыны көтереміз
Жәрдемақыны көтереміз. Еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осылай деп мәлімдеді. Десе де жәрдемақының мөлшері қай уақыттан бастап ұлғайтылатыны белгісіз. Сондай-ақ, министр бүгінгі таңда түрлі ұсыныстар талқыланып жатқанын жеткізді.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, әр отбасының қажеттілігі жекелей қарастырылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бүгінде сырқаты болса емделуге, тұрмыстық мұқтаждықты шешуге, білім алуға жеңілдік жасауға бағытталған бағдарламалар талқыланып жатыр.
«Сан түрлі ұсыныстарды қарастырып, талдап жатырмыз. Бейсенбіден кейін қандай да бір нәтиже белгілі болады», – дейді Мәдина Әбілқасымова.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды