Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулым” қатысушысы Мәди: Қыз баланың бірінші болып сезім білдіргені дәстүрімізге жат

“Қалаулым” қатысушысы Мәди Рақымбай жар іздеп келген қыз-келіншектерді сынап тастаған ақынға жауап берді.

Бұл туралы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Жуырда торғайлық ақын Саят Әбенов “Қалаулым” бағдарламасына келген қыз-келіншектерді сынап тастаған болатын. Осы сынан ақын өлең жолдарымен жеткізді.

“Қайдан ғана шыға келді “Қалаулым”,
“Қалаулымды” ұят өзі қараудың.
Қызармастан қыз іздеген мынау кім,
Батылданып бай іздеген анау кім?
Айқай-шуы қызып жатыр ортаның,
Ол ортадан алсын кімдер мол тәлім?!
Осы күннің бет-бейнесі осындай,
Болашақта кім боламыз, қорқамын.
Арулардың күйдіруде ай-жүзін,
Өзге ұлттың қайтесіңдер ай-қызын?!
Бұрынғыға бір сәт көрші үңіліп,
Ел алдында ер іздеген қай қызың?!
Жұрттың бәрі қарап отыр таңдана
Қызық шығар, жар іздеген жарнама!” – дейді Әбенов.

Ақынның сөзін “Қалаулым” қатысушысы Мәди Рақымбай да қоштап отыр. Десе де, ол бұл жерде бірінші қадамды қыздар жасаса да, кейінгісі ер-азаматтардың еншісінде екенін айтады.

“Ол кісінің пікірімен келісемін. Ата-бабамыздың кезінде салт-дәстүрімізде мұндай зат болмаған. Қыз бала ешуақытта ер балаға өзі келіп сезімін білдірмеген. Эфирде “Заман өзгерсе де, қазақ өзгермесін” деп айтқан едім. Ал қазір өз сөзіме кішкене қарсы шығатын сияқтымын. Өйткені, бұл бағдарлама сондай бағытта жасалғаннан кейін қыз жай ғана бірінші қадам жасайды. Бұл жерге “Күйемін-сүйемін, мені алшы” деп келмейді. Бірінші қадам жасалғаннан кейін қалғаны ер адамның еншісіне өтеді. Оны солай түсінсін халық”, – дейді Мәди Рақымбай.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.


Жіберіп алмаңыз:

Сұлуфан мен Мәди тойға дайындалып жатқандарын айтты

Роза Рымбаева: Өлген адамды тірілте алмайтынымыз өкінішті

Керменбаев экс-сүйіктісін есіне неге жиі алып жүр?

Жұлдыз Әбдікәрімова тарихи фильмде басты рөлді сомдауы мүмкін

Талқылау