Қазақстандықтар Мәдениет министрінің пікірі үшін қырғыздардан кешірім сұрады

Сейсенбі, 24 Мамыр , 2016 18:59

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қырғыздар жайлы айтқан пікірі қырғыз ағайындардың намысына тиіп, қазақстандықтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

6cda40b06cb531406e2c55cb979c3575-big

Сурет: forbes.kz 

Мәдениет министрі шетелде лас жұмыс істеп жүрген қырғыз азаматтарын аяйтынын сөз еткен еді.

-«Расында, жасыратын ешнәрсе жоқ, Мәскеуге, басқа қалаларға барсаң, дәретханаларды біздің көрші елдің қыздары тазалап жүреді. Олар өрімдей жас кезінде осындай жұмыс істеуге, дәретхана тазалауға лайықты ма еді. Әрине, елде перспектива болмаса, жұмыс болмаса, олар өзге елге барып жұмыс істеуге мәжбүр», – деген еді министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрдің бұл пікірі қырғыз азаматтарының намысына тиіп, олардың пікір білдіруіне себеп болды.

«Аяушылық білдіргені үшін рахмет. Шынында солай болса, одан не үшін ұяламыз? Иә, олар дәретхана да тазалайды, құрылыста да істейді. Шамасы келгенше нәпақасын табады. Алайда, мені басқа жағдай алаңдатады: Тіпті ай сайын еліміздің азаматтарын бауырлас Қазақстан еліндегі құлдықтан босатып жатады. Құжаттарын алып, бермей жатады, – дейді Facebook желісінде Маматқали Разев есімді қолданушы.

-«Біздің министрі қызық осы. Ол Маркестен үзінді келтіріп қана қоймай, оғанй дайын екенін көрсетіп үлгі болса ғой. Қырғыздар жайлы пікірінен кейін ол дәл осылай жасауы керек болған», – дейді саясаттанушы Айдос Сарым желіде.

-«Қырғыз бауырларымның алдында бұл министрдің сөздері үшін кешірім сұраймын. Қайтесің енді, мəдениеті жоқ министрлер де болады», – деп жазады желіде қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан.

Бұл пікірлерге көптеген қазақстандықтар Мәдениет министрінің пікірі үшін қырғыз кешірім сұрайтынын жеткізді.

Маматқали Разаев есімді қырғыз азаматы қазақстандықтардың ыстық ықыласына риза болып, ондай шенеуніктердің ол елде де бар екенін, ол үшін енді кешірім сұрамай-ақ қоюын сұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Менен қателік кетті

Мұхамедиұлы бір бұйрықтан 53 қате жіберіп, ұятқа қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар