Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Турникке тартылу эстафетасы Мейрамбек Бесбаев пен Қалқаман Саринге жолданды

Алматы облысы әкімімінің орынбасары Жақсылық Омар эстафетаны Мейрамбек Бесбаев пен Қалқаман Саринге жолдады.

«Мемлекеттік қызметшілер қазақстандықтарға жұмыс бастылық пен психологиялық қысымдарға қарамастан, кез келген адам өзінің дене қалпын қалай сақтап жүруі керектігін көрсетуді бастап кетті. Бұл жолы Street Workout Challenge бастамасына Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев пен облыс орталығының спортшылары қолдау білдіріп, физикалық машықтарын паш етті», – делінген Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламаснда.

Талдықорғанда науқанға қатысушылар Street Workout алаңына аялдады. Қала тұрғындары брусяда және турникте жаттықтан спортшылардың өнерін тамашалады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасын алған Жақсылық Омар эстафетаны Алматы облысы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевқа, сонымен бірге Мейрамбек Беспаев пен ақын Қалқаман Саринге жолдады.

Тағы да оқыңыз:

Алтынбек Қоразбаев: Елбасының өзі министрлікке шақырғанда бас тартқанмын

Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтты (видео)

Ақбота-Нұр: Біреудің тоқалы болғаным да жетеді

Талқылау