Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрі Ерлан Сағадиевті сынның астына алды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасы еліміздің білім саласындағы үш тілділікті тоқтатқанын айтып, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті өзімбілермендікке салынып кетті деп айыптады.

ьртпиа

Сурет ortcom.kz

Бұл туралы rgmedia.kz хабарлайды.

Мұхамедиұлы тіпті Сағадиевке кімдердің жалынғанын да мәдениет және спорт жөніндегі қоғамдық кеңесте жайып салған.

«Тіл саясатын дамыту оңай емес. Шынын айту керек, жер мәселесі қозғалардың алдында үш тілдікке қатысты қозғалыс болған. Сол кезден бастап өзіміз икемсіз қимылымызбен халықтың көңілін біршама өзгертіп алдық да, оның үстіне жер туралы кодексті кіргіздік. Сонымен қазір мүлдем ыңғайсыз жағдайда отырмыз», – деді министр деп хабарлады baq.kz ақпараттық порталы .

Министрдің айтуынша, бұған дейін зиялы қауым өкілдері үш тілді оқыту жүйесімен асықпауды сұраған.

«Бір жиналыс болды, шыны керек. Міне, Мырзатай (Жолдасбеков) ағамыз отырды, Нұрлан Оразалин отырды. Менің коллегам (білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев) отырды. (Ағалалар – авт.) жалынып тұрып айтты, осы үш тілдікті асықпайықшы деп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін әзірше қоспайықшы, тұра тұрайық деп. Алдымен филологияны реттеп алайық. Әдебиетті…Бір сағат екеуі екі жақтан жалынды. Жоқ, қоймай, ендігі аптада заң қабылдаймын, сүйтем-бүйтем деді. Қазір енді көріп тұрсыздар, Елбасы үш тілдікті де тоқтатты, 12 жылдық бар, жаздық каникул бар. Әрине, ойы дұрыс. Бірақ соны ақылдаспай шешемін дегені кері әсерін тигізіп жатыр», – деп атап көрсетті А.Мұхамедиұлы.

Талқылау