Мүлде аш қалатын кездерім болады: Қазақстандық танымал математик кедейлікте күн кешуде

Бір жыл бұрын Семей тұрғыны Олег Пименов математикадағы ең күрделі деген үш есепті шеше алатын. Ал «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысқаннан кейін, барқатар БАҚ ол туралы жарыса жаза бастады. Қазіргі уақытта ер адам кедейлікте күн көріп отыр, деп хабарлайды «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Олег Пименов

Олег Пименов бүгінде 58 жаста. Ол Семейде туып-өскен. 8-сыныптан кейін медициналық училищеге түседі. Сол жерде дарынды математик жұмыс істеген екен. Ол Олегтің бойынан ерекше талантын байқаған. Содан бері Олег Константинович ең қиын деген есептерді шешкенді ұнатады.

Ол 20 жасында әлемдегі  ең дарынды ғалымдардың өзі шеше алмаған 3 есептің шешімін табуды алдына мақсат етіп қойған. Біріншісі – Герон есебі. Екіншісі – неміс математигі Гаусстың шеңбер қиындығы, ал үшіншісі – Фермның ұлы теоремасы.

Нәтижесінде қазақстандық математик аталған үш есептің де шешімін тапқан. Алайда 2016 өте күрделі теореманың дәлелін тапқаны үшін Абель сыйлығы мен 750 мың еуроны Эндрю Уайлс алды. Ал қазақстанда данышпан-математик өмір сүріп жатқанын көпшілігі білмеген.

Олег Пименовтың сөзінше, ол өзі туралы мәлімдеме жасап, танылғысы келген. Алайда ол өздігінен ізденіп, білім алғандықтан, ешкім тиісті назар аудармаған.

Семейлік азамат өз мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Ол шахмат үйірмесіне мұғалім болып жұмысқа орналасыпты. 2000 жылдардың басында үйірме жабылып, мұнан кейін Пименов жұмыс таба алмапты.

Ол осы уақыт бойы ата-анасымен бірге тұрып келген. Шахмат этюдтерін құрып, халықаралық жарыстарда есімі аталыпты.

Пименов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы білгеннен кейін өзі өтініш жіберіп, жаңалықтары туралы айтқысы келген. Нәтижесінде «Ғылым» бөлімі бойынша жеңімпаз атанды. Алайда ғылым саласындағылар оған тағы жа назар аудармапты.

Бұған дейін математик әкесіне күтім көрсетіп, сол кісінің зейнетақысына өмір сүрген. Таяуда әкесі дүние салыпты. Ендігі Олег Константинович мүлде жалғыз қалды.

«Әзірге коммуналдық төлемді төлеп отырмын. Кейде көкөніс, кейде дәнді дақылдарды пісіріп жеймін. Мүлде тамақ жемейтін кездерім болады. Бірдеңе ойлап табу керек. Алайда, шынымды айтсам, не істерімді білмеймін», – дейді математик.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.01.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар