Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лұқпан Жолдасовтың мерейтойлық торты бәрінен ерекше болды

Әнші туралы айтар жақсы сөз көп. Мұны өнер мен өмірде қатар жүрген достары  мен туыстары да дәлелдеген сыңайлы. Күні кеше өткізген 50 жас мерейтойына бірі қалмай келіп, ізгі тілектерін айтып, сый-сияпаттарын тарту етті.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Олардың арасында Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиева, Баян Есентаева, Дастан Оразбеков, Айқын Төлепберген, Гүлзира Айдарбекова, Қайрат Нұртас, Кенжебек, Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева және т.б. жұлдыздар болды.

#ҰлыкпанЖолдасов50жас 😊🇰🇿🌎🏇☀️

Видео опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Мерекелік торт.

Видео опубликовано Ергали Абдраимов (@ergali_abdraimov)

Сәкен Майғазиев “Құдай қаласа, Лұқа, жасыңыз көбейе берсін! Немере-шөбере көріңіз. Солардың жақсылығын көруді Алла-тағала баршамызға нәсіп етсін” деп көпшіліктің ізгі тілегін жеткізді.

Достары Лұқа деп атайтын әншінің шын есімі Умиксат екенін көп адам білмесе де, елімізге Ұлықпан Жолдасов ретінде танымал. Әрдайым жүрегінен ән төгіліп, гитараның құлағындай ойнайды. Қазақтың еріне тән мінезімен тәнті етіп қана қоймай, жүрген ортасында үлкен сый-құрметке ие. Адал жар, сүйікті әке, соңынан ерген шәкірттеріне үлгілі ұстаз.

10

Жақын күндердің бірінде “Мәдениет саласының үздігі” атанған Жолдасовтың мерейтойлық торты бәрінен ерекше болды. Ол гитара үлгісінде жасалған. Торттың мұндай үлгіде болуы гитараның құлағында ойнайтынымен байланысты болса керек-ті. Әнші қалжыңдап онымен ән айтып көргісі де келді.

9

7

Естеріңізге сала кетсек, әнші әрі сазгер Лұқпан Жолдасовтың 14 ақпан күні өткізген мерейтойы туған күнімен тұспа-тұс келді. Концерт Астана қаласы əкімдігі, Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының қолдауымен жүзеге асты. Сонымен қатар, әнші шығармашылық кешін Тәуелсіздігіміздің 25 жыл құрметіне арнайтынын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтып өткен еді.

Талқылау