Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина ресейлік «Тату» тобымен бірге ән орындады

Әнші Луина танымал ресейлік «Тату» тобымен бірге әйгілі «Нас не догонят» әнін орындады.

14262819_301023116939107_953288798_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бүгін аты аңызға айналған «Тату» тобының «Нас не догонят» әнін орындадық. Әрине, Юлия Волкованың өзімен бірге”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Әннің қандай концертте орындалғаны белгісіз. Желі оқырмандары Луинаның бұл туындысын тыңдауға асық. Олардың басым дені концертті қай арнадан және қашан көруге болатынын сұраған.

Сондай-ақ, Луинаның бұл күнгі образына көңілі толмаған оқырмандар да табылды.

«Мына киім Луинаның дене бітіміне сай келмейді екен», «Тым кішкентай екен өзі», «Луинаға спортпен айналысу керек», – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз: 

Әнші Луинаның сүйіктісі өзінің продюсері Жомарт Сүлейменов болып шықты

Жасы отызға таяған Луина өз тойына дайындалып жүр

Тыңдармандары су киімімен көлік жүргізген Луинаны сынап тастады (фото)

Луина әріптесі Раноның ұлына кіндік шеше болды (фото)

 

 

 

Талқылау