Луина әріптесі Раноның ұлына кіндік шеше болды (фото)

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 19:19

Жуырда тұған күнін дүркіретіп атап өткен Луина кіндік шеше атанды.

01

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Бүгін әнші Рано Омарова Әмірхан есімді ұлын қырқынан шығарды. Ал әншінің ұлына кіндік шеше болу мәртебесі Луинаға бұйырды.

“Көптеген ата-ана тұңғыш перзенттерін күтіп жүрген кезде кімнің кіндік шеше болатынын алдын ала тағайындап қояды. Кіндік шеше тағайындау дәстүрінің тамыры пұтқа табынушылық заманда жатыр. Бұл дәстүр биологиялық ата-аналарға бірнәрсе болып қалған жағдайда, баланы сақтандыру мақсатында ойлап табылған. Сол себепті көбісі кіндік шешені “крестная мать” деп атайды. Біз шоқынбасақ та. (Күлді.)

Кіндік шеше болу – үлкен жауапкершілікті мойынға алу деген сөз. Мұнымен қатар, ертегілерде де балаға қамқор болып жүретін перизаттар бар. Мен де ерекшеленбестен, өз ұлыма кіндік шеше таңдадым. Алайда ұлымның кіндік шешесі біреу емес, бірден үшеу болады. Мен сендерге сенемін. Ұлымның алғашқы қуанышын бөлісуге келгендерің үшін рахмет”, – дейді Рано Омарова.

13398570_253533385038356_1961490603_n

Фото: instagram.com/luinaofficial/

13285320_252807018412465_1632058028_n

Әншінің әріптесі Луина өз кезегінде бұл мәртебенің өзіне бұйырғанына қуанғанын айтты.

“Бүгін тамаша күн болды. Әмірханның кіндік шешесі атандым. Мен бақыттымын әрі толқып та тұрмын. Жаным менің! Осындай тәтті перзент пен өзіңнің барыңа шүкір! Мен сендерді жақсы көремін!” – дейді Луина.

Десе де, бұл Луинаның бүгіндікке жалғыз қуанышы емес. Әмірханнан бөлек, екі жиені қырқынан шығып жатыр екен.


Жіберіп алмаңыз:

Луина қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын көрсетіп суретке түскені үшін сынның астында қалды (фото)

Жасы отызға таяған Луина тұрмысқа шығуға асығып жүргенін айтты

Луина журналистің өзіне маскүнем деп жала жапқанына ренжулі

Әнші Луина тыңдармандарының сынына бола төсіне ота жасатпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар