Луина әріптестеріне пародия жасап, елді таңқалдырды (видео)
Күні кеше көпшілік Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлінің “Алло” атты әніне пародия жасаса, Луинаның бір өзі бірнеше әріптесінің даусын айнытпай салды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Отандық теле-шоулардың біріне қатысқан Луинаға өзінің өнердегі әріптестеріне пародия жасау жүктеледі. Осы уақытқа дейін актрисалық қырынан да танылып үлгерген әнші Жанар Дұғалова, Ерболат Құдайбергенов, Толқын Забирова, Роза Рымбаева, Мақпал Исабекова сынды әріптестеріне пародия жасайды.
Көпшілік Луинаның пародияны айнытпай салғанына таңқалады. Тек отандық әншілерге ғана емес, Бритни Спирс секілді шетелдік жұлдыздардың да әнін орындады. Әндердің сөзін ұмытып, басқа сөздермен алмастырса да, Ерболат Құдайбергенов сынды әншілердің сахнадағы қимыл-қозғалысын сол қалпында келітіреді.
Естеріңізде болса осы уақытқа дейін тыңдармандарының Луинаға киімсіз жүре беруге кеңес бергені туралы жазған болатынбыз.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ