Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Литваның бұрынғы білім министрі ҚазҰМУ-дың проректоры болып тағайындалды

Литваның бұрынғы білім және ғылым министрі Дайнюс Павалкис ҚазҰМУ-дың бірінші проректоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіненен хабарланды.

ҚазҰМУ-нің жаңа құрылымына сәйкес, Дайнюс Павалкис академиялық, ғылыми-зерттеу және клиникалық қызмет мәселелеріне жетекшілік етеді. Дайнюс Павалкис 1960 жылы 5 мамырда Каунас қаласында дүниеге келген.

Ол бір жылдары хирург болып жұмыс істеген, кейіннен Литвадағы Балтық-Америкалық ауруханасының жалпы медицина департаментінің директоры, Литва денсаулық сақтау университетінің профессоры қызметін атқарған.

2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін Литва Республикасының білім және ғылым министрі болды. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Каунас клиникасының инновация және даму бөлімінің бастығы. Сонымен қатар, Дайнюс Павалкис зерттеу, инновация және ғылыми саясат жөніндегі сарапшылар тобында, RISEHL Еуропалық Комиссиясының консультативтік тобының мүшесі. Денсаулық сақтау бойынша Еуропалық Комиссияның ғылыми тобының SPH мүшесі. Каунас қаласы мэрінің кеңесшісі.

Жіберіп алмаңыз:

Енді Еңбек министрлігімен WhatsApp арқылы байланысуға болады

Кешір, ұлым: Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналистің атынан өлең жазып жұртты жылатты

“Алтын белгі” төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады

Миллионер Қайрат Құдайберген аязды күні жақсылық жасаймын деп опық жеп қалды (видео)

Талқылау