Ресейде Қазақстан тумасы ұлын пәтерге айырбастамақшы болды
Липецк қаласы құқық қорғау органы Қазақстан тумасының іс-әрекетін қылмыстық жағдай ретінде бағалап, сотқа жолдады. Ол өз ұлын сатып жібермек болған.
Сурет ren.tv
Бұл туралы vladtime.ru хабарлайды.
Ер адам өз ұлын ауқатты отбасыға 1,5 миллион долларға сатып, ал түскен ақшаға үй сатып алмақшы болыпты.
24 жастағы ер адамды 2015 жылдың шілде айында ұстаған екен. Құқық қорғаушылар интернеттен сәбиін саудалаған жарнаманы көріп, сатып алушы ретінде жігітпен кездесуге ұсыныс жасайды. Өзінің саудасын сәтті жүзеге асыру үшін қазақ азамат әйелімен бірге баланың құжаттарын дайындап, ұлдың анасы қайтыс болды деп көрсеткен.
Полицеймен сөйлесу кезінде ол мұнысы айыпты іс емес екенін айтып, ұлына жақсылық тілеген. Ол әйелі тастап Қазақстанға кетіп қалып, баланы өзі тәрбиелеуге тура келгендіктен осы әрекетке бардым деген. Ол осы әрекеті үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның әйелінің емізулі баласы бар болғандықтан айыптан құтыла алды.