Лилия Рахпен қатар зергерлік үйінің иесі қамауға алынды

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 22:03

Сот сәнгер Лилия Рахтың шетелдік азаматты ұрлауына байланысты іс бойынша күдікке ілінген басқа да күдіктілердің есімін атады. Онымен бірге тағы бір танымал тұлға Carmen Мири Паз зергерлік үйінің иесі қамауға алынды.

12802089

 

Carmen Мири Паз зергерлік үйінің иесі сәнгер Лилия Рахпен бірге Өзбекстан азаматын ұрлауы бойынша екі айға қамалды, – деп хабарлайды «Қазақстан-Жаңалықтар» АА Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында.

Сот мәлімет бойынша 2016 жылы шілденің 30 жұлдызында Лилия Рахпен қатар Мири Паз бен Ислам Месиров екі айға тұтқындалған. Олар Суванов Хамро Усмановичті «пайдақорлық мақсатпен, өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық көрсеткен» ұрлау ісі бойынша күдікке ілініп отыр. Одан бөлек, сотта адам ұрлануының әуежай маңында орын алғанын хабарлады. Бұған дейін аталған іс бойынша төрт адамның қамауға алынғаны мәлімденген еді. Танымал қазақстандық сәнгер Лилия Рахтың тұтқындалғаны тек тамыз айының аяғында ғана белгі болды. 2016 жылы 9 шілдеде Алматы қаласы полициясына 33 жасар Өзбекстан азаматының жоғалғаны жайлы азамат Н. арыз жазғаны анықталды. Полиция ер адамның ұрланып, жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен ұсталынып отырғанын анықтаған.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 125 бабы – адам ұрлағаны бойынша жүрігізіліп жатыр. Тергеу уақытында күдікті, Sauvage Group ұйымдастырушысы, әлемге танымал брендтер ұсынылған сән дүкендерінің иесі Лилия Рахқа бұлтартпау шаралары қолданылмақ. 2015 жылы  Business of Fashion ғаламтор-басылымы Лилия Рахты сән әлеміндегі ең беделді 500 адам қатарына қосқан еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар