Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лифт 84-қабаттан құлап кетті: Адамдардың бәрі тірі

Чикагода жеделсаты 95-қабаттан төменге құлап кетті. Ішіндегі 6 адам аман қалды.

95-қабаттан құлаған лифт 11-қабатқа келгенде ойда-жоқта тоқтап қалды. Лифтідегі адамдар құтқарушылар мен достарына смс-хабарлама жібереді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, лифтідегі адамдарды 3 сағат дегенде сыртқа шығарды.

Болжам бойынша көтергіш торстың бірі ұзіліп кеткен. Оқиға Джон Хэнкок орталығында болды.

Лифтідегі адамдардың ішінде жүкті әйел де бар. Олардың бәрі бірінші қабатқа түспек болған.

50 жастағы жолаушының айтуынша, әйелі екеуі лифтіге бірге кірген. Бастапқыда лифт қалыпты жұмыс істеп тұрыпты. Кейін іші шаңға толып, төменге құлдилай бастады. Жолаушылар жылап, айқайлап, жалбарына бастады.

“Бәріміз өлетін шығармыз деп оайладым”, – дейді Монтемайор.

Құтқарушылар лифтіні аша алмағандықтан 11-қабаттағы қабырғаны тесуге мәжбүр болды.

Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Лифтінің 11-қабатта неліктен тоқтап қалғаны белгісіз. Лифт шілде айында тексеруден өткен болатын.

100-қабатты ғимарат әсіресе туристерді қатты қызықтырады. Көп жылдар бойы қаладағы ең биік нысан болды. Әлі де Солтүстік Америкадағы ең биік ғимарат саналады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау