Лидо өзінің “Лабутен” туфлиін көрсетті
Өзінің ерекше стилімен танылған әнші Christian Louboutin брендінің туфлиін көрсетті.
«Мақтануыма бола ма?», – деп сұрайды Лидия Доссалина Инстаграм қолданушыларынан аяқ киімнің суретін жариялаған сәтте.
«Көптен бері қол жеткізе алмай жүр едім. Бұлар сатылымда «ыстық тоқаштар» секілді өтеді екен», – деп жазады әнші.
Еске сала кетейік, «Лабутенге» қатысты ажиотаж ресейлік «Ленинград» тобының ғаламторда кең таралған бейнебаянынан кейін басталған еді.
Бейнебаянда миллионер жігітке тұрмысқа шыққысы келген қыз онымен бірге көрмеге бармақшы болады. Оқиғадағы ең аяулы сәттер ал қызыл табанды, биік өкшелі туфлимен байланыстырылған.
Талқылау

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
Қытайда жүріп, қытай асханасынан тамақтана алмасаңыз, ливан не түрік асханасына барсаңыз болады немесе фастфудқа тапсырыс беріңіз

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
Заңгер мұндай ескертулер біреудің ар-намысына тисе, шағымдануға болатынын айтты