Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидия Кәденованың келіні әнші Бүркітпен көңіл қосқан ба?

Әнші Бүркіт продюсерлік еткен “Апан” фильмінен кейін актер Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова ажырасып тынды деген қауесет ел аузында жүр. Дидар мен Айым ажырасқандарын мойындаса да, не себепті екіге кеткендерін айтпады. Ал жұрт бұл мәселеге Бүркіттің қатысы болуы мүмкін деп болжады.

Сонымен Бүркіттің Лидия Каденованың келінімен көңіл қосқаны рас па? Бұл сұрақтың жауабын Бүркіт пен Айым 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл қауесеттен құлағдар болған Аиша Бүркіттің адалдығына сенімді екенін айтты.

“А, Айым ба? Жоқ, жоқ, уайымдамаңыздар! Қазір ажырасу деген оңай нәрсе болып кетті. Сондықтан ажырасумен ешкімді таңғалдыра алмайсың”,- деді Аиша.

Ал Бүркіттің өзі болса ел аузындағы әңгімеге мүлдем мән бермейтінін айтады.

“Негізінде мен ондай  өсек деген нәрселерге ешқашан араласпаймын. Енді актерлардың артынан өсектер жүреді, бірақ мен ондайларға құлақ аспаймын. Мен жақында ғана отбасында осындай проблемалардың болып жатқанын естідім. Біз Лидия Кәденова әпкемізді жақсы құрметтеймін мен. Жақында ғана “Моана” мультфильміне дубляж жасағанда ол кісімен бірге болғанбыз. Кім біледі енді олардың отбасында не боп жатқанын?!”- деді ол.

Айым болса экс-күйеуімен не себепті ажырасқанымды айтпаймын деп шорт кесті. Алайда Бүркітпен арамызда ештеңе жоқ деп ақталды ол.

“Ондай сындарға үйреніп қалдым. Оны оқымаймын да, қарамаймын да, мүлдем қызықтырмайды. Бірақ кинодан кейін ол әңгіме қайта басталады, шусыз жүре алмаймыз. Оның бәріне дайынбыз. Енді біз қазақпыз ғой, олар үнемі қосып айтады, өсек айтады. Дегенмен “Айбек ағамен мені қосқандары дұрыс болмады. Өйткені жары жанымызда жүрді, қаншама танымал актерлар жүр қасымызда. Менің енем Халық әртісі, мен оны біле тұра біреумен көңіл қосады деген ой ойыма да кірмеген. Ел не демейді? Дегенмен де жеке өмірім туралы айтқым келмейді. Құдай сақтасын, Айбек ағамен арамызда ештеңе жоқ”, – дейді Айым Алтынбекова.

Дегенмен, Айым кәсіби актриса болмаса да, басты рөлге Бүркіттен шақырту алғанын жасырмайды.

“Маған Айбектің өзі хабарласқан болатын, кастингке шақырды. Бірінші күні мүлдем ұнатқан жоқ менің ойнағанымды, екінші күні де ұнатқан жоқ. Үшінші күні өзім звондап: “Тағы бір рет көрейін, үйден дайындалып жатырмын”,- дедім. Үшінші реттің өзінде де алмады, бірақ кешкісін тағы сөйлестік. Маған Айбек қана сенді, тек Айбектің көмегімен, сенімімен ғана киноға түскен болатынбыз”,- дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Артур Төлепов інісінің тойында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Алматыда Асылхан Төлеповтің үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)

Динара Қырықбаева әжесін соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Тұрсынғали Алагөзовтің балалары немен айналысады?

 

Талқылау